ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

КӨНЕ МЕШІТ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ

20:39, 23 мамыр 2022

Өңір жетекшісі Құмар Ақсақаловтың тапсырмасымен Киров зауытының аумағында орналасқан көне мұсылман мешіті қалпына келтірілуде. Бүгінгі таңда мұндағы құрылыс жұмыстары 40 %-ға іске асырылған. Ислам мәдениетінен сыр шертетін нысанға әріптесім Майгүл Сейілбек барып, сол жердегі мамандармен тілдесіп қайтты.

МАЙГҮЛ СЕЙІЛБЕК, ТІЛШІ:

-19-шы ғасырда Петропавлда 9 мұсылман мешіті болған. Соның 6-ы тастан, 3-і ағаштан салынған. Мәселен, дәл қазір біз тұрған мына ғимарат кезінде Давлеткильдеев деген көпестің бастамасымен салынған екен. Ал, қазіргі таңда бұл жерде қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Болашақта бұл жерде музей ашылатын болады.

«Архив-2025» бағдарламасының аясында Киров зауытының аумағында орналасқан мешіттің тарихына байланысты құжаттар 5 жылға жуық уақыт бойы Ресейден жинастырылған. Тарихи деректерге сүйенсек 1795-ші жылы Петропавлда алғаш рет тастан мешіт салыныпты. Өкінішке орай 1849-шы жылы қатты өрт болып, ағаштан салынған мешіттерге үлкен зақым келтірілді. Салдарынан тұрғындардың құлшылық жасап, намаз оқитын арнайы орындары азайған. Жерлестеріміз болса сол кезде билік басында болған азаматтардан жаңадан ғимарат салып беруді сұрап өтінген.

СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- 1847-ші жылы мұсылман мешіттерін салу жөнінде типтік жоба қабылданған екен. Ал Батыс-Сібір генерал-губернаторының ұсынысы бойынша, халықтың ұсынысы сол типтік жобадан кетіп, басқа өзіміздің ұсынысымыз бар деп ұсыныс жасап осы мешіттің жобасын жергілікті тұрғындарымыз жасаған екен. 1855-ші жылы осыған рұқсат қойылып, бекітіледі.

Осылайша 1857-ші жылы мешіттің құрылысы қолға алынды. Жұмыстарды жүргізу үшін 10 мың рубльді жергілікті кәсіпкерлер өз қалтасынан бөлген. Кейін 1870-ші жылы ғимараттың жанынан медресе салынады. Оның қаржысын Давлеткильдеев деген көпес өз мойнына алады. Өкінішке орай 1930-шы жылы мешіттер жабылып, олар пионер клубтарына, ойын-сауық орталықтарына айналады. Алайда, 1942-ші жылы Киров зауыты бұл ғимаратты қаз қалпында сақтап, қоймаға жасақтайды.

БОЛАТ ӘСЕРБЕКОВ, ҚР СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ, ЖОБА АВТОРЫ:

- Ғимараттың бастапқы кейпін сақтап қалу басты міндетіміз. Бұл мешіттің ерекшелігі 165 жыл бұрын салынса да мұнарасы сол қалпы сақталған. Құрылыс  жұмыстарын іске асыру барысында міңбар, намаз оқу залын және басқа да бөлмелерді қайта қалпына келтіреміз. Бірақ кейін мәдениет басқармасына тапсырылып, бұл жерде ислам мәдениетінің музейі болмақ.

Ал, көне мешітті қалпына келтіру жұмыстары өткен жылдың желтоқсан айында басталды. Мердігер компания «Благоустройство-Север» ЖШС. Бүгінгі күні мұндағы жұмыстар 40 пайызға іске асырылды.

БОЛАТ БҰҚАНОВ, «БЛАГОУСТРОЙСТВО-СЕВЕР» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Кей жылдары мешіт өндірістік қойма ретінде пайдаланды. Сол себепті жұмысшыларымыз ең алдымен қосалқы шаруашылық бөлмелерді бөлшектеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда қалпына келтіруге кірісіп кеттік. 165 жылдық тарихы бар нысан қатты ескірген. Осы ретте бастапқы кейпіне келтіру үшін 19-шы ғасырда қолданған құрылыс материалдарымен қатар жаңа технологияларды да  пайдаланамыз.

Алаңда 20-ға жуық маман еңбектенуде. Құрылысшылар нысанды осы жылдың қыркүйек айына дейін тапсыруды жоспарлап отыр.

 

Майгүл Сейілбек

Тақырып бойынша материалдар

АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
17:20, 5 шілде 2022
АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
Толығырақ...
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
17:17, 5 шілде 2022
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
17:15, 5 шілде 2022
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...