Ал Ғ. Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасында референдумды қолдау жөніндегі облыстық штаб мүшелері кездесу өткізді. Оған Солтүстік Қазақстан унвиерситетінің «Заңгер» мамандығында білім алып жатқан студенттер қатысты.
5 маусым күні өтетін жалпыхалықтық референдумға қатысу құқығы Республиканың он сегіз жасқа жеткен азаматтарына беріледі. Олардың тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы немесе кез-келген өзге жағдаяттары маңызды емес. Әркім өз құқығын пайдаоланып, референдумда дауыс бере алады. Бүгінде өңірлерде осы бір саяси науқанды қолдау жөнінде штабтар құрылды. Солтүстік Қазақстан облысының штабының құрылымында 23 адам бар. 5 маусымға дейін олар референдумға қатысты облыс бойынша 2000-нан астам іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.
КҮЛІМКӨЗ СМАЙЫЛОВА, РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ШТАБТЫҢ МҮШЕСІ: