Ғ.Мүсірепов ауданы Ставрополка ауылында 700-ге жуық адам тұрады. Бүгінде жергілікті серіктестік директоры тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартып, елді мекенді дамытуға ерекше үлес қосып келеді. Соңғы жылдары бұл ауылда қандай оң өзгерістер болды? Арна тілшісі дайындаған материалға зер салайық.
700-ге жуық халқы бар Ставрополка ауылы көпке үлгі. Бүгінде «Намыс» серіктестігінің басшысы жергілікті тұрғындардың қалаға көшіп кетуіне жол бермеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап келеді. Осыдан 6 жыл бұрын өз қаржысына ауылдағы медициналық пунктін жөндеп берген. Және жаңа үйлер құрылысын қолға алды.
АЛЕКСАНДРА ВЫХОДЦЕВА, ФЕЛЬДШЕР:
- «Бізде фельдшер, балалар медбикесі, санитар және жедел жәрдем жүргізушісі жұмыс істейді. Көп жағдайда тұрғындарды қан айналым жүйесі, қант диабеті сынды аурулар мазалайды. Дер кезінде көмек көрсетуге тырысамыз. Жағдайымыз жасалған, ауыл ұнайды, қаладан кем тұрмаймыз.»
Жедел медициналық көмек көрсету үшін арнайы көлік те қарастырылған. Жалпы жергілікті жұрт ауылда саламатты өмір салтын ұстанады. Өйткені оған жағдай жасалған. Былтыр елді мекенде заманауи фитнес орталығы ашылды.
АЛЕКСАНДР КАСЬЯНЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ, "НАМЫС" ЖШС БАСШЫСЫ:
- Орталық 2021 жылдың желтоқсанында ашылды. Қыста тұрғындардың бос уақыты көп болғасын сәйкесінше келушілердің саны да аз болмады. Ауыл халқы спортқа ерекше көңіл бөледі. Бүгінде мұнда бірнеше зал бар.
"Намыс" ЖШС ауылды дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр, алға қойған жоспарлары да аз емес.