ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

«ҚУАНЫШ» ВОЛЕЙБОЛ КЛУБЫ МАРАПАТТАЛДЫ

20:34, 13 мамыр 2022

 Облыстың әйелдер волейбол командасы – «Қуаныш» клубы өңір тарихында тұңғыш рет Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Жергілікті команда Семей қаласында өткен байрақты бәсекеге алғаш рет қатысып, алтын медальға қол жеткізді. «Қуаныш» волейбол клубын жеңісімен өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов салтанатты түрде құттықтап, ұжымға 10 миллион теңгенің сертификатын табыстады.

 Сәуірдің 24-і мен 1-ші мамыр аралығында Семей қаласында волейболдан әйелдер командалары арасындағы клубтық Азия чемпионаты өтті. Оған Тайланд, Иран, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің құрамалары қатысты. Ақтық сында солтүстікқазақстандық «Қуаныш» волейбол клубы жарыстың фавориті - «Алтай» волейбол командасымен кездесті. Тартысты өткен кездесуде жерлес волейболшылар қарсыластарын 2-3 есебімен жеңіп, Азияның үздігі атанды. Облыс әкімі Құмар Іргебайұлы ұжымды жеңісімен құттықтап, 10 миллион теңгенің сертификатын табыстады.

 ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

«Біздің қыздар ерлік көрсетіп, чемпион атанды. Бұл – Азия контингентінде үлкен сенсация болды. Тағы да ерлік жасап, үлкен біздің облысымызға, бүкіл жұртшылыққа үлкен қуаныш әкелді. «Қуаныштың» үлкен қуанышымен, үлкен жеңісімен тағы да баршаларыңызды құттықтаймын.»

 Өңірде волейбол спорты дамып келеді. Бұл – жергілікті кәсіпкер Қайырбек Хамзиннің арқасы. Ол 2014 жылы  ауыл қыздарын облыс орталығына әкеліп, «Қуаныш» волейбол клубын құрды. Содан бері ұжымның барлық шығындарын  өзі көтеріп келеді. Тіпті, волейболшыларға жақсы жағдай жасау мақсатында заманауи спорт кешінін де салған. Бүгінде солтүстікқазақстандық ұжым ел чемпионатында лайықты өнер көрсетіп, жүлдегерлер қатарынан көрініп жүр.

 ҚАЙЫРБЕК ХАМЗИН, «ҚУАНЫШ» ВК ДИРЕКТОРЫ:

«Регулярный чемпионатта екінші орын алып, клубтық Азия чемпионатына жолдама алдық. Семей қаласында өтетін болғасын Қазақстанда өткесін екінші орын алған командаға да жолдама берілді. Семейге барып қатысып, бәрі қолдап, жанкүйерлер қолдап, еліміз қолдап жеңісті ұтып алдық. Алғашқыда былай болады деп ойлаған жоқпыз. Ақырын-ақырын біртіндеп көмектесіп келгесін нәтиже шыға бастағаннан кейін тастап кету қиын болды, қиыншылық жағдайлар да болды. Бірақ балаларға сеніп, бірге шыққасын аяғына дейін кеттік деп ойлаймыз.»

 Салтанатты шара барысында «Қуаныш» волейбол клубының бір топ спортшысы Азияның клубтық чемпионатындағы жоғары көрсеткіштері және облыстың волейбол спортын дамытуға қосқан зор үлесі үшін облыс әкімінің құрмет және алғыс хаттарымен марапатталды. Оның арасында Сәбира Бекішева да бар. Тимирязев ауданының тумасы бала кезінен волейбол ойнайды.

 СӘБИРА БЕКІШЕВА, «ҚУАНЫШ» ВК МҮШЕСІ:

-«Біз «Алтай» волейбол клубына үнемі жеңілетінбіз. Осы жолы намысты қолдан берген жоқпыз. 0:2 есебімен жол беріп жатсақ та, жиналып жеңісті жұлып әкеттік. Өте қуаныштымыз. Бізді қолдағандарға алғысымды білдіремін. Жеңісті күндер көп болсын! »

 Енді «Қуаныш» волейбол командасы клубтық Әлем біріншілігіне қатысады. Байрақты бәсеке желтоқсан айында өтпек.

Тақырып бойынша материалдар

АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
17:20, 5 шілде 2022
АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
Толығырақ...
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
17:17, 5 шілде 2022
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
17:15, 5 шілде 2022
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...