ШҰҒЫЛ! ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ Толығырақ

КҮНБАҒЫС АЛҚАБЫ ФОТОСҮЙЕР ҚАУЫМНЫҢ СҰРАНЫСЫНА ИЕ

20:48, 4 тамыз 2020

Әдемілігімен көз тартатын  жарқын түсті күнбағыс алқабында    фотосуретке  түсу солтүстікқазақстандықтардың арасында жаңа трендке айналып отыр. Әлеуметтік желілерді жаулап алған суреттерді қай жерде жасауға болады және бұл заңды ма? Келесі бейнематериалдан біле аласыздар.

 ЖАНБОТА ЕСТАЙҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Бүгінгі күні  мына күнбағыс алқабы солтүстікқазақстандықтардың фото сурет жасауға арналған сүйікті орны деп нық айта аламыз. Алайда, жер иесінің рұқсатынсыз бұл алқапта сурет жасауға болады ма деген ой туындады. Ол үшін, аталмыш жерге ие серіктестіктің басшысын тауып, осы сауалды өзіне қойдық.

«... ЖОҚ МЕН ҚАРСЫ ЕМЕСПІН, БАСТЫСЫ ӨСІМДІККЕ ЗАҚЫМ КЕЛТІРМЕСЕ БОЛДЫ. ӘРИНЕ, АЛҚАПТЫ КҮЗЕТЕТІН КҮЗЕТШІЛЕРІМІЗ БАР, БІРАҚ ҚАЙСЫ БІРІН ТОҚТАТЫП, ТЫЙЫМ САЛЫП ОТЫРАМЫЗ...»

Айта кеткен жөн, серіктестіктің басшысы атын құпия қалдырды.  Бұл серіктестік 3 жыл қатарынан күнбағыстың Фортими сұрыпын өсіріп келеді. Өсімдіктің бұл түрі  біздің өңірдің климатына өте төзімді екен. Күнбағыс мамыр айында жердің температурасы сынап бағанасынан 7-8 градус жоғары болғанда отырғызылып, күздің алғашқы суығында жиналады. Мәселен, былтыр күнбағыстың егіс алаңы 33,6 мың га құрады.

СӘНИЯ ӘБІШЕВА, АГРОНОМИЯ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

- Ағымдағы жылы 22,2 га құрап отыр. Төрт ауданнан басқа барлық аудандарда өсіріледі. Оның ішінде үлкен көлем Ғ.Мүсірепов ауданыда 8,5 га, Айыртау ауданында 4,6 мың га, Тайынша ауданында 3,2 мың га жамбыл ауданында 2,1 га. Өткен жылы орташа өнімділгі 10,8 ц/га құрады.

Індет қалыпты өмірге өз түзетулерін енгізгені айдан анық. Мүмкін, қазіргі жағдайды ішкі туризмді дамытуға мүмкіндік деп қарастырған жөн болар.

Жанбота ЕСТАЙҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДА БИЫЛ 58 ОЙЫН АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:19, 24 қыркүйек 2020
ПЕТРОПАВЛДА БИЫЛ 58 ОЙЫН АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

14:26, 21 қыркүйек 2020
«САЛЫҚ ӘМИЯНЫ» ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
20:34, 22 қыркүйек 2020
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
Толығырақ...