ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

ҚҰРАН ОҚУДАН ЖАРЫС ӨТТІ

13:01, 11 мамыр 2021

Петропавлда облыс мешіттерінің шәкірттері арасында құран оқудан жарыс өтті. Дәстүрлі сайысқа 50-ге жуық үміткер қатысты. Ең жас қатысушы небары 8-де ғана. Іс-шара жайлы әріптесім Индира Ахатқызы баяндасын.

ИНДИРА АХАТҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

  • Құран – Алланың сөзі. Ал, оны жаттап өскен жастың жаман әдеттен аулақ болатыны анық. Бүгінгідей сайыстар өскелең ұрпақтың Құран оқуға деген құлшынысын арттырады, имандылыққа тәрбиелейді. Сондықтан бұл дәстүр алдағы уақытта өз жалғасын таппақ дейді ұйымдастырушылар.

КЕНЖЕТАЙ ДҮЙСЕНБАЙ, «ҚЫЗЫЛЖАР» ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ:

«Сіздердің жақсыларыңыз Құранды білген және  басқаларға үйреткен дейді.  Өйткені Құраннан тек жақсылық келеді, оны баршамыз білеміз.  Сондықтан біздің негізгі мақсатымыз – балаларды тәрбиелеу, руханиятқа тәрбиелеу, осы жерде имандылықтың бастауын алып, өздерінің Құранын, дінін, тілін білетін болса, нұр үстіне нұр болады. Сондықтан да, бүгін осы қасиетті Рамазан айында облыс көлемінде, аудандардан, облыстардан келіп жатыр қатысушылар».

Қазақстан Мұсылдмандары Діни басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі ұйытқы болған жарысқа 50-ге жуық үміткер қатысты. Жас аралықтары әр түрлі. Ең кішкентай қатысушы – 8 жаста.  Олар киелі кітап cүрелерін жатқа, мазмұнын бұзбай айтып, төрт пара бойынша білімдерін сынады.

ШЕРХАН СМАҒҰЛОВ, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

-  Мен осы Құранды 2021 жылы 7-ші наурызда бастадым. Ә»ріптерді тани бастадым, олар өте оңай, қиын емес. Мысалы, «Әлиф» бір таяқша ғана, оп-оңай істелген.  Сосын мен әрі қарай оқи бастадым, әріптер өте оңай болған.  Менің анам 2021 жылдың қаңтарында маған әріптерді үйретті, ал 7-ші наурызда мен Құлху Аллахтан бастап Духаға дейін жеттім.

Барлық жеңімпаздарға арнайы дипломдармен қатар ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

 

Тақырып бойынша материалдар

2006 ЖЫЛҒЫ БАНКНОТТАР МЕРЗІМСІЗ АУЫСТЫРЫЛАДЫ
17:20, 11 маусым 2021
2006 ЖЫЛҒЫ БАНКНОТТАР МЕРЗІМСІЗ АУЫСТЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...