ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ҚҰРБАН АЙТ-2021

17:21, 21 шілде 2021

 

Еліміз қасиетті Құрбан айт мерекесін тойлап жатыр. Биыл барша мұсылмандар мейрамы  20-22 шілде күндеріне сәйкес келіп отыр. Мешіттердің аулаларында  айт намазы оқылған соң қараша халық құрбандық шалуға кірісті. Биыл бұл рәсім онлайн форматта өтіп жатыр. Құрбандық шалуға тапсырыс беру Qurban 2021.kz сайты арқылы  жүргізіледі. Онлайн құрбан шалуға қатысты мәлімет алғысы келген кез келген азамат облыстық  мешіт жанынан құрылған ақпарат беру орталықтарына да  хабарласа алады.

Құрбандық шалу рәсімі еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты биыл облысымызда екінші жыл қатарынан қашықтан өтіп жатыр. Бұл рәсім жергілікті әкімдік пен санитарлық дәрігерлердің рұқсатымен және тәртіп сақшыларының қадағалауымен атқарылуда. Мерекенің алғашқы күні құрбандық шалу Жұмысшы кентінде арнайы қасапханада санитарлық ережелерді сақтай отыра жүзеге асырылды.

Құрбандық шалуға тапсырыс беру Qurban 2021.kz сайты арқылы  жүргізіледі. Мұнда құрбан малын шалуға тапсырыс беру, құрбандық етін алу үшін өтініш қалдыру, құрбан шалынғаны туралы мәлімет қалдыруға болады. Өтініш берген мұқтаж жандарға құрбандық етін волонтерлар таратады.

КЕНЖЕТАЙ ДҮЙСЕНБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ «ҚЫЗЫЛЖАР» ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ :

Құрбандық шалушылар өтініштерін  qurban2021.kz сайтында шілденің 22-не дейін тапсырып үлгеруі қажет. Ауылда тұратын азаматтарға үй ауласында құрбан шалуға рұқсат етілген.

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН ҚАЛАЙ ҮНЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ?
20:40, 4 тамыз 2021
ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН ҚАЛАЙ ҮНЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ?
Толығырақ...
ҚЫСҚА 900 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ЖЕМ-АЗЫҚ ҚАЖЕТ
17:15, 4 тамыз 2021
ҚЫСҚА 900 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ЖЕМ-АЗЫҚ ҚАЖЕТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
20:37, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
17:22, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
20:37, 29 шілде 2021
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
Толығырақ...