ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ҚҰРБАН АЙТ КАРАНТИН ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?

20:38, 16 шілде 2021

Биыл қасиетті Құрбан айт мерекесі  20, 21, 22 шілде күндеріне сәйкес келеді. Осы жылы да эпидемиологиялық ахуалға байланысты құрбандық шалу мен мұқтаж жандардан өтініш алу қашықтан жүзеге асырылмақ. Облыс бойынша былтырғы жылдағыдай Qurban2021.kz сайты арқылы құрбан шалуға ниет еткен азаматтар тапсырыс бере алады. Бұл жайында өңір имамдары мәлімдеді.  

Елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты құрбандық екінші жыл қатарынан қашықтан шалынады. Оған Жұмысшы кентінде арнайы орын қарастырылады. Құрбандық шалушылар өтінішін qurban2021.kz сайтында шілденің 22-не дейін тапсырып үлгеруі қажет.

КЕНЖЕТАЙ ДҮЙСЕНБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ «ҚЫЗЫЛЖАР» ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ:

-  «Бұл жобаның мақсаты- қайырымдылққа дәнекер болу, халықтың денсаулығы мен өміріне төнген қауіпті сейілтуге үлес қосу, құрбан шалуға ниет білдірген жандарға карантин жағдайында оңтайлы жол болып саналады. Сонымен қатар, карантин жағдайында қалада тұрып жатқан азаматтар үшін қашықтықтан өз атынан құрбан шалуға тапсырыс беру оңтайлы шешім. Онлайн түрде. »

Өңір мешіттерінде шілденің 20-ы күні таңғы 7-де құрбан айт намазы оқылатын болады. Барлық санитарлық талап қатаң сақталуы керек.

АЯН АЛЫПҚАШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ «ҚЫЗЫЛЖАР» ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ НАИБ ИМАМЫ:

«Осы ретте тек тапсырыс берумен қатар, мұқтаж отбасылардың құрбандық етін алу үшін өтініш беруіне болады. Өзі жеке құрбан шалған жандар мешітіміздің еріктілері арқылы мұқтаж жандарға құрбан етін үлестіруге де мүмкіндік қарастырылған. Құрбан шалу рәсіміне қатысты биыл қойдың бағасы 65 000 мың, ірі қара 350 000 мың деп бекітіліп сол бағаға қасапшының ақысы, басының үйітілуі толықтай қамтылған.»

Айта кетейік, ауылдық жерде жеке тұрғын үйде тұратын әр адамның құрбан шалуына ҚМДБ тарапынан ешқандай шектеу болмайды.

Нұрбол Балғабеков

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН ҚАЛАЙ ҮНЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ?
20:40, 4 тамыз 2021
ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН ҚАЛАЙ ҮНЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ?
Толығырақ...
ҚЫСҚА 900 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ЖЕМ-АЗЫҚ ҚАЖЕТ
17:15, 4 тамыз 2021
ҚЫСҚА 900 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ЖЕМ-АЗЫҚ ҚАЖЕТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
20:37, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
17:22, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
20:37, 29 шілде 2021
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
Толығырақ...