ШҰҒЫЛ! ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

ҚҰТҚАРУШЫ – ҚҰРМЕТТІ МАМАНДЫҚ

17:21, 20 қаңтар 2022

Адам өміріне араша түсіп, төтенше жағдайда эмоцияға ерік бермей адал қызмет ету ол абыройлы іс. Кез-келген жағдайда өзге жанға көмек қолын созып жүргендердің бірі - қалалық 3-ші өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі Айтбай Сәдуақасов. Бұл салада 6 жылдан бері еңбек етеді. Осы аралықта 16 адамның өміріне араша түскен. Бүгінгі күннің батырымен әріптесім Майгүл Сейілбек танысып қайтты.

Айтбай Сәдуақасов Мағжан Жұмабаев ауданы, Рощино ауылының тумасы. Қарапайым отбасында дүниеге келген ол бала кезінен құтқарушы болуды армандаған. Мектеп бітірісімен Петропавлдағы құрылыс-экономикалық колледжіне юрист мамандығына оқуға түседі. Кейін, отан алдындағы борышын өтейді. 2016-шы жылы әскерден келген соң Айтбай жүрек түбінде жатқан арманын орындау үшін Петропавл қаласындағы 3-ші өрт сөндіру бөлімшесіне өрт сөндіруші болып жұмысқа орналасады.

АЙТБАЙ СӘДУАҚАСОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ № 3 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІ БӨЛІМШЕСІНІҢ КОМАНДИРІ:

  •  Менің ойымша мамандық таңдауда қателеспедім. Өрт сөндіруші боламын деген арманым алдаған емес. Өз жұмысымды мақтан етемін. Сол себепті, әр шақыртуға шыққан кезде өзіме жүктелген міндетті абыроймен атқарып, жастарға үлгі болуға тырысамын.

Маман құтқарушы болып 6 жылдан бері еңбектеніп келеді. Осы уақыт аралығында ол 16 адамның өмірін құтқарған. Бұл ерлігі үшін Айтбай ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына қарсы «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Өрт сөндіруші кез-келген жағдайда эмоциясына ерік бермеуі қажет. Әр ісін ойланып істеуі керек. Мұнымен қоса, жылдам әрекет ете білуі тиіс дейді Айтбай. Бұл қағидатты ол жұмысында қатаң ұстанады. 2021-ші жылдың қаңтар айында маман өртке оранған көпқабатты тұрғын үйден ұстамасы бар қыз бала мен оның анасын дін аман алып шыққан.

АЙТБАЙ СӘДУАҚАСОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ № 3 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІ БӨЛІМШЕСІНІҢ КОМАНДИРІ:

  • Кешкі уақытта кезекші бөлімге қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел шығып, тұрғындарды эвакуацияладық.  Үшінші қабаттағы пәтерден көмек сұраған айғайды естідім. Бұл көк түтіннен тұншыға бастаған анасы мен кішкентай қызы екен. Пәтерге кіріп, балаға құтқару капюшонын кигізіп, оны қолыма көтеріп алып, таза ауаға шығардым. Қыздың ұстамасы бар екен сол себепті ол шошымасын деп оның көңілін аулауға тырыстым. Біздің жұмыста құтқарып қана қоймай сондай-ақ психолог та болу керек. Бірақ өзімді ерлік жасадым деп есептемеймін. Бұл менің міндетім еді.

Құтқарушы – екінің бірінің қолынан келе бермейтін мамандықтардың бірі. Ол үшін адам бойында қайсарлық, өжеттілік секілді қасиеттер болу керек. Айтбай болса сондай жандардың бірі дейді оның әріптестері.

ӘДІЛЕТ ҒАЛЫМОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ № 3 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ ҚАРАУЫЛ БАСШЫСЫ:

  •  Айтбай Ерсайынұлымен мен 2 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Осы уақыт ішінде ол өзін тек жақсы жағынан көрсетті. Көптеген өрт кезінде дұрыс бағытты ала алатын адам. 3-ші өрт сөндіру бөліміне  қосылған жас құтқарушыларға үлгі. Ақыл-кеңестерімен бөлісіп тұрады.

Айтбай бос уақытыда спортпен шұғылданып, таза ауада отбасымен демалып, балық аулағанды жақсы көреді. Оның 4 жасар қызы бар. Сонымен қатар, Көкшетау қаалсындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғаныс академиясын өрт сөндіру қауіпсіздігі мамандығы бойынша сәтті аяқтап, бұл салада әрі қарай жемісті еңбек етуді жоспарлаған..

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

АЗАМАТТЫҚ БАҚЫЛАУ – ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ
20:35, 19 мамыр 2022
АЗАМАТТЫҚ БАҚЫЛАУ – ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
13:03, 17 мамыр 2022
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ
20:34, 16 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ
Толығырақ...