ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСҚА СЕНАТОР Е.СҰЛТАНОВ КЕЛДІ Толығырақ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР КЕЗЕКТІ РЕЙД ЖҮРГІЗДІ

20:37, 10 шілде 2020

Шомылу маусымы басталғалы өңірде 5 адам суға кетіп, қаза тапты. Бұл- қарапайым қауіпсіздік ережелерді сақталмағандықтан болып отыр. Айта кету қажет, карантин кезінде өзен-көлдерде суға шомылуға тыйым салынған. Бірақ, бұл кей тұрғындарға тоқтау болмай отыр. Қала тұрғындары мен қонақтарын судағы қауіпсіздік ережелерімен таныстыру мақсатында ТЖД мамандары полиция қызметкерлерімен бірге қалалық жағажайда арнайы рейд жүргізді.

Қазір карантин. Жағажайлар жабылып, суға шомылуға тыйым салынған. Бірақ, ережені елеп жатқандар шамалы. Күннің ысуына байланысты  рұқсат етілмеген жерлерде де суға шомылатындардың қатары қалың. Рейд барысында осындай фактілер анықталып, демалушылар ескертілді, мәлімет базаға тіркелді. Егер адам қайта тәртіп бұзса, әкімшілік хаттама толтырылып, 2 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

- «У нас в городе только 2 специально отведенные места для купания. Это два пляжа. Пестрое и городской пляж. Но, связи карантином сейчас в данный момент они закрыты. А других отведенных мест нету.»

Өңірде суға шомылу маусымы басталғаннан бері 5 адам суға батып кеткен. Оның біреуі бала. Қайғылы жағдайлардың басым көпшілігі адамдардың бейғамдығынан болады екен. Қазіргі таңда құтқарушылар карантинге байланысты мектеп оқушылары арасында түсіндірме жұмыстарын «Зум» платформасы арқылы жүргізіп жатыр.

ИГОРЬ ЖУКОВ, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- «Бүгінгі күнге дейін 800-ге жуық рейд жүргіздік. Біз демалушыларға суға шомылу кезіндегі ережелерді түсіндіріп, жадынамалар таратамыз. Қазір карантинге орай жағажайлар жабық. Бірақ бір өкініштісі, ережені елемейтіндердің қатары көбеймесе, азаймай тұр. Ең біріншіден ата-аналарға айтарым, балаларыңызды суға жібермеңіздер. Қараусыз қалдырмаңыздар. Сондай-ақ, суға мас күйінде түспеңіздер.»

Оқыс жағдайды болдырмау үшін облыстық ТЖД мамандары полиция қызметкерлерімен бірге күнделікті рейд өткізіп жатыр.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІ РЕФОРМАЛАНУДА
17:20, 5 тамыз 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІ РЕФОРМАЛАНУДА
Толығырақ...
КҮНБАҒЫС АЛҚАБЫ ФОТОСҮЙЕР ҚАУЫМНЫҢ СҰРАНЫСЫНА ИЕ
20:48, 4 тамыз 2020
КҮНБАҒЫС АЛҚАБЫ ФОТОСҮЙЕР ҚАУЫМНЫҢ СҰРАНЫСЫНА ИЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ТОЙ ЖАСАП ТҰТЫЛҒАНДАР
20:37, 29 шілде 2020
КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ТОЙ ЖАСАП ТҰТЫЛҒАНДАР
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ІС САПАРЫ
20:35, 30 шілде 2020
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ІС САПАРЫ
Толығырақ...
КӨШЕДЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ МАСКА ТАҒЫП ЖҮРУ ТАЛАБЫ БЕКІТІЛДІ
20:42, 30 шілде 2020
КӨШЕДЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ МАСКА ТАҒЫП ЖҮРУ ТАЛАБЫ БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...