Жыл басынан облыс аумағында 329 өрт тіркелді. Салдарынан 28 адам көз жұмды. Оның 2-і бала. 5 солтүстікқазақстандық түрлі дене жарақатын алған. Мамандардың сөзінше өрттің 77% - ы тұрғын үй секторында болған. Мұнымен қоса, биыл өңірде 1 адам суға кетті.
Жыл басынан дала өрті де көбейді. 23 орман өрті тіркелді.Бұл өткен жылмен салыстырғанда 57 % көп. Қызыл жалынның салдарынан орманды алқаптың 725 гектарына зақым келген. Бүгінгі күні облыста 50 өрт сөндіру бекеті құрылды. Олар халық саны 38 мыңнан асатын облыстың 150 елді мекенді өрттен қорғайды.
ДМИТРИЙ РАСТИХИН, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Жерлестерімізден жазғы уақытта әсіресе демалыс орындарында өрт қауіпсіздігін сақтауды және балаларды қараусыз қалдырмауды сұраймыз. Бұдан бөлек терек мамығын жағып ойнайтын балаларға көңіл бөлу керек екенін айтқым келеді. Үлкендер де өздерінің ерсі әрекеттерімен үлгі көрсетпесе екен дейміз.
Ал, облыс орталығында биыл 80 өрт тіркелген. Материалдық шығын 106 млн теңгені құрайды. Құтқарушылардың сөзінше көбіне қызыл жалын Қопай шағын ауданын шарпыған.
АЗАМАТ МЕРҒАСИМОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ТЖ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
- Екі өрт салдарынан 3 ескі тұрғын үй толығымен жанып кетті.3 тұрғын үй және 4 шаруашылық құрылысқа зақым келген.
Бұдан бөлек Есіл ауданында 1 адам суға кеткен. Жалпы, бұл жыл басынан суда болған алғашқы қайғылы оқиға. Мамандардың сөзінше биыл ел бойынша 32 адам суға кеткен. Соның 6-ы бала. Ал, өткен жылы СҚ бойынша 22 адам көз жұмған.
ҚУАТ МАХМЕТОВ, АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ОФИЦЕРІ:
- Біздің облысымызда 2 мыңнан астам су айдындары бар. Су айдындарында 58 жаппай демалу орындары тіркелген. Бұл орындар облыс әкіміні ңқаулысымен бекітілген болып табылады. Айта кетейік Имантауда 12, Соленое коөлдерінде, Есіл өзенінде 5 орын тіркелген.
Жалпы, соңғы 9 жылда облыс аумағында 211 адам суға кетті.Оның 33-і бала. Мұндай статистиканы болдырмау жерелстеріміздің қолында дейді мамандар.
Майгүл Сейілбек