ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ШЕКТЕУЛЕР ҚАТАҢДАТЫЛДЫ Толығырақ

ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

17:18, 13 қазан 2021

Петропавл қаласындағы 2-ші мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде құтқарушылар арасында облыстық жарыс өтті. Оған әр ауданнан келген 18 команда, барлығы 90-ға жуық өрт сөндіруші қатысып, бақтарын сынады. 3 кезеңнен тұрған жарыс жайлы келесі бейнематериалда.

Сайдың тасындай іріктелген 90-ға жуық құтқарушы бүгінгі жарыста бағын сынамақ. Әрқайсы жеңістен үмітті, дайындығы мықты. Өйткені жарыстағы тапсырмаларды олар күнделікті жұмыста атқарады. Оттың арасына кіреді, түтінге тұншыққандарды іздеп тауып, сыртқа алып шығады. Мамандардың айтуынша мұндай жарыстар   өрт сөндірушілердің шеберліктерін шыңдап, апаттық жағдайға сақадай сай болуын қамтамасыз етпек.

ЕРБОЛ МОЛДАҒОЖИН, ӨРТ СӨНДІРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕДЕЛ КЕЗЕКШІСІ:

  • Жарыстың басты мақсаты – қауіп-қатер жоғары ортада жұмыс істеген кезде маманның бойындағы физикалық жұмыс қабілеттілігін, психологиялық дайындығын анықтау. Өрт сөндірушілеріміз газ-түтіннен қорғаушы жауынгерлік киіммен, тыныс алу аппаратымен жабдықталады.

Жарыста облыстың әр ауданынан келген 18 бөлімше бақтарын сынады. Аяз Садықов Мамлют ауданының өрт сөндіру бөлімінде жұмыс істейді. Құтқарушының айтуынша, мұндай жарыстар олардың өз мүмкіндіктерін бағалауға көмектеседі екен.  

АЯЗ САДЫҚОВ, МАМЛЮТ АУДАНЫ №15 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ ҚАРАУЫЛ БАСТЫҒЫ:

  •  Құтқарушы болғандықтан кез-келген қиындыққа төтеп беруіміз керек. Себебеі бізге жүктелген міндет зор. Ең алдымен адамды өрттен аман есен алып шығып, кейін қызыл жалынның өзін де ауыздықтауымыз керек.

Жарыс жеңімпаздары алғыс хаттармен және қаржылай сыймен марапатталады.

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕПТІ 31 АДАМ ТӘМАМДАДЫ
20:42, 25 қазан 2021
ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕПТІ 31 АДАМ ТӘМАМДАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР 15 ПАЙЫЗҒА ҚЫСҚАРАДЫ
20:40, 25 қазан 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР 15 ПАЙЫЗҒА ҚЫСҚАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
17:23, 20 қазан 2021
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...