ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ШЕКТЕУЛЕР ҚАТАҢДАТЫЛДЫ Толығырақ

ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН МУРАЛ

20:44, 15 қыркүйек 2021

Петропавл көшелері тағы бір муралмен толықпақ. Көп қабатты үйдің қабырғасын алатын алып сурет Назарбаев көшесінде салынып жатыр. Бұл -  Төтенше жағдайлар басқармасының тапсырысы.   

Өрт сөндірушілердің жұмысы қауіп-қатерге толы. Оған өткенде Жамбыл облысында болған оқиға дәлел. Оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс кезінде өртті сөндіруге барған бірнеше маман қаза тапты. Өз басын қатерге тігіп, өзгелердің өмірі үшін күресетін мамандық иелерінің құрметіне енді Петропавлда мурал пайда болмақ.  Ерекше сурет қыркүйектің 19-ы Құтқарушы күніне де орайластырылып салынып жатыр. Бұл жерде кез-келген тұрғын  QR-кодтың көмегімен ТЖ министрлігінің тарихымен, құтқарушылардың жұмыс күнімен, оттан аман қалған жерлестерміздің тағдырымен және тілсіз жаумен күресемін деп ажал құшқан батырлармен таныса алады.  

ТЕМІРХАН САҒЫНДЫҚОВ, ТЖД БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ТОБЫНЫҢ ОФИЦЕРІ:

- Өрт сөндірушінің жұмысы өте қиын. Көбінің қолынан келе бермейді. Өрт сөндіру қызметі жанкештілікті және батылдықты талап етеді. Осы тоғыз қабатты үйдің тұрғындары түсіністікпен қарауды сұраймыз. Бұл жұмыстар бірнеше күнде аяқталуы тиіс. 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕПТІ 31 АДАМ ТӘМАМДАДЫ
20:42, 25 қазан 2021
ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕПТІ 31 АДАМ ТӘМАМДАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР 15 ПАЙЫЗҒА ҚЫСҚАРАДЫ
20:40, 25 қазан 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР 15 ПАЙЫЗҒА ҚЫСҚАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
17:23, 20 қазан 2021
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...