ШҰҒЫЛ! АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА Толығырақ

«ҚЫС-2021» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ БАСТАЛДЫ

17:22, 11 қараша 2021

Петропавл іргесіндегі қар басқан тас жолда жол-көлік оқиғасы орын алды. Жолаушылар автобусы жеңіл көлікпен соқтығысқан. Оқиға орнына облыстық ТЖД-нің жедел-құтқару жасағы бірнеше минуттың ішінде жетіп, адамдарды құтқарып, қауіпсіз жерге көшірді. Бүгінгі «Қыс-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиынының сценарийі осындай. Жалпы қыста орын алатын жағдайларға төтеншеліктердің даярлығы қандай? Әріптесім Нұрбол Балғабеков тарқатып айтып берсін.

Сценарий бойынша жол-көлік оқиғасының салдарынан жеңіл машинаның жүргізушісі көлік ішінде қысылып, шыға алмай қалады. Оқиға орнына жедел құтқару жасағының сарбаздары келіп, арнайы құралдың көмегімен автомобильдің төбесін кесіп, зардап шегушіні алып шығып, жедел-жәрдем қызметінің қызметкерлеріне тапсырды.

ЕДІЛ ЗІКІРИН,  СҚО ТЖД ЖЕДЕЛ-ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ БАС ҚҰТҚАРУШЫСЫ:

«Біздің ең бірінші жұмысымыз- адамның өмірін құтқару. Бұндай жағдайлар жиі болып тұрады. Әсіресе, жол апаттары көктем кезінде және қыс басталып жатқан кезде көктайғақ кезінде осындай жол апаттары өте көп болады. Осындай жаттығуларды біз әрдайым жасап тұрамыз. Шынайы қақтығыс болған кезде біз соған дайын болу керекпіз.»

Ал жолаушылар эвакуациялық пунктке жеткізілді. Жалпы биыл облыс аумағында қақаған аязда жолда қалып қойған адамдарды қауіпсіз жерге көшіру үшін осындай  300 пункт әзірленген. Оның бірі – Заречный кентіндегі №13 орта мектепте орналасқан.

АБАЙ ҚАЙСИН, №13 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:

«Біз дайынбыз бүкіл кісілерді қарсы алуға. Дайын дәрігерлер. Осы жерге 50 кісі дайындаймыз. Сонымен бірге тағы да 3 комната дайындаймыз. Сегіз кісілерден комната. Ана және балаға дайындаймыз. Және медпункт та бар осы жерде.»

Қыста орын алатын жағдайларға төтеншеліктердің даярлығы мығым. Бүгінде қысқы кезеңге 1200-ге жуық техника әзір тұр. Командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны барысында қар аршитын көліктер мен өтімділігі жоғары техникалар тексерілді.

МҰРАТ ҚАНҒОЖИНОВ, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Жалпы, өңірде қыс кезінде қар басатын 396 аумақ бар. Ол аумақтарды жыл сайын қар алып қалады. Ол жерлер ерекше назарға алынған. Тек өткен жылдың ішінде біз 700-ден астам адамды құтқарып алдық. Қайғылы жағдайлар орын алған жоқ. Биылғы қысқа да тас-түйін дайынбыз.»

«Қыс-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны екі күнге созылады.

Нұрбол Балғабеков

 

Тақырып бойынша материалдар

АШЫҚ ЖАТҚАН УРАН КЕНІШТЕРІ ҚОРШАЛЫП ЖАТЫР
20:46, 27 қаңтар 2022
АШЫҚ ЖАТҚАН УРАН КЕНІШТЕРІ ҚОРШАЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
МҮГЕДЕКТІКТІ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ АСҚЫНДЫРМАУ МӘСЕЛЕСІН РЕТТЕУ КЕРЕК
20:34, 27 қаңтар 2022
МҮГЕДЕКТІКТІ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ АСҚЫНДЫРМАУ МӘСЕЛЕСІН РЕТТЕУ КЕРЕК
Толығырақ...
КӘСІПКЕР ТИІСТІ ӨТЕМАҚЫСЫН АЛА АЛМАЙ ЖҮР
17:20, 27 қаңтар 2022
КӘСІПКЕР ТИІСТІ ӨТЕМАҚЫСЫН АЛА АЛМАЙ ЖҮР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...