ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

ҚЫСТЫҢ ҚАМЫН ЖАЗ ОЙЛА

20:42, 16 қыркүйек 2021

2017 жылдан елімізде халқы тығыз орналасқан өңірлерден жұмыс күші тапшы аймақтарға халықты көшіру мемлекеттік бағдарламасы жүзеге аысрылып келеді. Осы уақыт ішінде жүздеген отбасы қоныс аударып, өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсарта алды. Оңтүстіктен солтүстікке көшіп келген ағайынның қысқа әзірлігін арнамыздың түсіру тобы барып, біліп қайтты.

Мейірбек Дөнғұлов әйелі және бес баласымен бірге Солтүстік Қазақстанға 2017 жылы көшіп келген. Оған жұмыс беріліп, көтерме ақы төленіп,  тұрғын үймен қамтылды. Қоныстанушыларға жаңа жерге үйренісу қиын болмапты. Үй жылы, жайлы дейді отағасы. Қазір қысқы маусымға дайындығын тиянақтап жатыр. Отын бар, енді көмір жеткізу керек деп отыр Мейірбек Дөнғұлов.

МЕЙІРБЕК ДӨНҒҰЛОВ, ЛЕНИН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Үлкен отбасым бар. Балалрым оқуға түсіп, Солтүстікте білім алсын деп көшіп келдім. Үлукен қызым Мағжан Жұмабаев колледжін бітіріп, мұғалім болып жұмысқа орналасты. Халқы барлығы жақсы қарсы алды. Ауа райы суық дейтіндей өте суық емес. 40 градус аяз болады , бірақ, сухой. Маған жағады. Отын алып қойдым. Қаражыра,,Шұбаркөл көмірінен завоз болса аламын. Жем-шөп дайындап қойдым. 

Ал Майраш Асылбекқызы өңірге 2019 жылЫ КӨШКЕН. Солтүстіктің аязына, құбылмалы ауа райына үйреніп алдық дейді ол.  Отбасында 3 бала бар, ең кішкентайы бір жаста.  Солтүстік Қазақстанда дүниеге келген.  Майраш қоныс аударушыларға жасалатын жағдай жақсы, тек осы жақта тұрақтап қаламын деген ниет керек дейді. Қазір ол қыстың қамына кіріскен.

МАЙРАШ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, АСТРАХАНКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- 2019 жылы қаңтар айында көшіп келдік, Жамбыл облысы, Шу ауданынан. Күйеуім кітапханашы болып жұмыс істейді. Мен бала күтумен үйдемін. Болашақта жұмысқа шықсақпа деп отырмын. Бұл жердің қысы маған өзіме ұнады. Үйлеріміз жылы болды. Біз көшіп келгенде акимат отын мен көмірді түсіріп қойған еді. Кейін өзімізде қосып алдық. Екі қыс қыстап шықтық.

Биыл Аққайың ауданына оңтүстік өңірлерден барлығы 34 отбасы көшіп келді. Жыл соңына дейін тағы 20-сын қабылдау жоспарланған.

 

Тақырып бойынша материалдар

КОМПЛАЕНС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛЫП КЕЛЕДІ
17:18, 28 қазан 2021
КОМПЛАЕНС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛЫП КЕЛЕ...
Толығырақ...
КӨЛІКТІК ИНСПЕКЦИЯ БИЫЛ 6 МЛН ТЕҢГЕНІҢ АЙЫППҰЛЫН САЛДЫ
13:02, 28 қазан 2021
КӨЛІКТІК ИНСПЕКЦИЯ БИЫЛ 6 МЛН ТЕҢГЕНІҢ АЙЫППҰЛЫН САЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...