ШҰҒЫЛ! ӘСКЕРИ БОРЫШ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ Толығырақ

ҚЫЗЫЛЖАР АБАЙ МЕКТЕБІНДЕ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

20:42, 3 мамыр 2022

Қызылжар ауданы Петерфельд ауылындағы Қызылжар Абай мектебінде Наурыз мерекесі аталып өтті. Аулада ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, қазан көтерілді. Мерекеге келген меймандар Ұлыстың ұлы күнінде пісірілетін басты тағам – наурыз көжеден дәм татып, қызықты концерт тамашалады. Мерекелік шараға арнамыздың түсіру тобы да барып қайтты.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін ата-бабамыз бір ай бойы тойлаған. Қызылжар Абай мектебінде де көне мейрам ежелгі дәстүрге сай аталып өтті. Басты мақсат – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жас ұрпақ санасына сіңіру. Осындай шаралар ұйымдастыру арқылы мектеп, ата-ана мен шәкірттер арасындағы байланысты ныңайту.

 БЕРІК РАҚЫШЕВ, ҚЫЗЫЛЖАР АБАЙ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

- Бүгінгі шараның негізгі мақсаты – қазақты, қазақ елінің салт-дәстүрін, жас, өскелең ұрпаққа жеткізу. Біз Наурыз мерекесін наурыз күні ғана тойлап үйреніп қалғанбыз. Біз наурызды басқа ұлт өкілдеріне, балаларымызға үйретуіміз керек. 

 Петерфельд ауылдық округінің әкімі Оралбек Жамалиев көпшілік алдында сөз алып, халықты көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады. Ол мектеп ұжымы мерекелік шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғанын тілге тиек етті. Наурыз мерекесіне мектеп ұжымы ғана емес, ауыл тұрғындары да қатысты.

Оқушылар концерт әзірлеп, келген меймандарға әдемі ән мен әуезді жырдан шашу шашты. Ұстаздар қауымы мен оқушылар ұлттық дәстүр жайында көріністер сахналап, көрермендерге қазақ халқының көне жоралғылары жайында мол мағлұмат берді. Ата-аналар да мерекелік шараға белсене араласты.

 ДӘМЕЛІ ІРГЕБАЕВА, ПЕТЕРФЕЛЬД ЕЛДІ МЕКЕНІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Салт-дәстүріміз ғой, біздің Наурыз мейрамы – қазақтың жаңа жылы. Тамақ пісіріліп, ойындар ойналытады. Ұлттық тәрбие – өз тарихын білу. Сондай өнеге деп ойлаймын балаларға.

 Көпшілік киіз үйде жайылған бай дастарханнан дәм татып, наурыз көже ішті. Балалар ұлттық тағамдардың сан-алуан түрімен танысты. Далада асыр салып ойнап, мәз-мейрам болысты.

Мен наурыз мерекесін жақсы көремін... көңілді болады

 Мектеп әкімшілігі Наурыз мерекесін бар сән-салтанатымен атап өту игі дәстүрге айналатынын жеткізді.

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ ТАЙЫНША АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
20:35, 30 маусым 2022
ОБЛЫС ӘКІМІ ТАЙЫНША АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...