ШҰҒЫЛ! ӘСКЕРИ БОРЫШ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ Толығырақ

ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

17:20, 23 маусым 2022

Қызылжар ауданында жұмыртқа өндірісі төмендеген. Оған 2020 жылы болған құс тұмауы себеп. Ол туралы брифинг барысында журналистерге аудан әкімі айтып берді. Жиында аудан басшысы атқарылған жұмыс пен қатар болашаққа жоспарлармен де бөлісті.  Сюжет көрелік.

 Бүгіндері Қызылжар ауданында 18 сүт-тауарлы ферма жұмыс істеп тұр. Олардың 50 пайызы заманауи кешен. Нәтижесінеде, сүт және ет өндірісі артқан. Пайданы көрген шаруалар қазір тағы 3 осындай жаңа нысанды тұрғызып жатыр. Олар қолдынысқа берілгенде, 90 адам жұмысқа орналасады. Ауданның инветиция тартуда да көрсеткіштері жаман емес.

ЖАНАТ СӘДУАҚАСОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Жыл басталғалы 21 млрд теңге инвестиция тартылды. Олардың басым бөлігі, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі және құрылыс салаларына бағытталған. Бұл былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 20 пайызға артық.

 Өткен жылы аудан шаруалары алғаш рет қарақұмық өсіруді қолға алды. Сөйтіп, 200 гектар жерге дән сіңірді. Биыл мұндағылар егістік алқабын 600 гектарға дейін ұлғайтқан. Айта кеткен жөн, алынған өнімнің барлығы тұрақтандыру қорына жеткізіледі. Аудан халқын жұмыспен қамту шаралары да мықтап қолға алынған.

 ЖАНАТ СӘДУАҚАСОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Соңғы 3 жылда ауданның 440 тұрғыны қайтарымсыз мемлекеттік грант алса, тағы 327 адам шағын несиеге қол жеткізген. Нәтижесінде жаңа 350 жұмыс орны құрылды. Ал биылғы жылдың 5 айында 428 адам еңбекпен қамтылып отыр. «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары аясында, 2 мың қызылжарлық жұмысқа орналасты.

 Ауданда жұмыртқа өндірісі төмендеген. Оған 2020 жылғы құс тұмауы әсер етті. Брифинг барысында, Жанат Сәдуақасов көп ұзамай бұрынғы көрсеткіштерге қол жеткіземіз деп сендірді.

Тақырып бойынша материалдар

«ҚҰЛЕКЕ БАТЫР» ТАРИХИ ДРАМАСЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
13:03, 5 шілде 2022
«ҚҰЛЕКЕ БАТЫР» ТАРИХИ ДРАМАСЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
Толығырақ...
БАЯНҒАЛИ ӘЛІМЖАНОВ КІТАПХАНАҒА СЫЙ ЖАСАДЫ
20:42, 4 шілде 2022
БАЯНҒАЛИ ӘЛІМЖАНОВ КІТАПХАНАҒА СЫЙ ЖАСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...