ШҰҒЫЛ! АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА Толығырақ

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ЖЫЛУ ҮШІН ЕКІ ЕСЕЛЕП АҚША ТӨЛЕП ОТЫР

20:42, 11 қараша 2021

Петропавл тұрғындары екі айдан аса жылу үшін екі есе көп ақша төлеуге мәжбүр. Коммуналдық қызмет түбіртегінде  «жылу шығындары»  деген қосымша  төлем түрі пайда болып, орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылған жеке үй секторында тұратындар  бұл үшін 10, 20 мың теңгеден төлеу үстінде. Ызасы келген халық, қайда жүгінерлерін білмей, өз мәселелерін әлеуметттік желілерде жариялап жатыр. Мәселенің анық-қанығын әріптесім білмек болды.

- У меня никогда не было такого счета на 18 тыс, у меня дом маленький 50 кв

Александра Перепелкина «1ші школьный» көшесі бойындағы үйде 12 жыл тұрып келеді. Бұл аралықта жылуға да, электр энергиясына да  қатысты ешқашан проблема туындап көрмепті. Биыл қыркүйек айына коммуналдық қызметтер үшін түбіртек әкелгенде  қосымша  «жылу шығындары»  деген төлем түрін көрген. Оған сәйкес үшін Александра Перепелкина 2393 тг төлеген.

АЛЕКСАНДРА ПЕРЕПЕЛКИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

- Жылу қыркүйек айының соңында берілді. Қазан айында өткен айға түбіртек әкелгенде шамамен бір аптаға жуық уақыт аралығы үшін 2400ге жуық ақша төледім. Аса мән берген жоқпын. Осы айда әлі түбіртек келген жоқ. Арнайы қосымшамен қарасам, коммуналдық қызметтер үшін жалпы 17 600 тг төлеу қажет. Біз мұндай соманы ешқашан төлеп көрген жоқпыз, қыс мезгілінде көп дегенде 10-11 мың тг төлейтін едік.

Дәл осындай жағдай Нелли Белобровада туындаған. Қазан айында берілген жылу үшін 31 мың тг төлеу қажет. Көпбалалы отбасы, енді мұндай қаражатты қалай төлейтіндерін білмей отыр. 

НЕЛЛИ БЕЛОБРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

- Өткен айда түбіртек екі мың теңгеге артық келді. Күйеуім екеуміз қандай шығындар үшін төлеп жатқанымызды түсінбедік. Енді қазан айы үшін 30 мыңнан аса тг төлеу керек. Бұны өтемесек не болады? Кімге жүгінетінімізді де білмейміз.

Мүсірепов көшесі,  34 мекенжайы бойындағы мына екіқабатты үй бір жыл бұрын орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылған екен. Пеш жағу, көмір сатып алу сынды қиындықтардан арыламыз деп ойлаған тұрғындар, бір жылдан аса жылу шығындарына 5-7 мың тг төлеп келеді.

АЙКҮМІС ҚОСПАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

- Жылудың бағасына потеря деген қосылып келіп жатыр. Мысалы октябрьде жылуға 7 мың келсе, потеряға 5 мың келіп отыр. Потеря қайдан келген нәрсе ол не үшін екенін біз түсінбейміз. Біздің үйіміз ыстық емес жай ғана қоңыржай если анандай ақша төлеп жатсақ, неге жылу қосылмайды кішкене. /0,50-58/24 октябрьде қосты жылуды содан бері жазды күні де төледік, круглый год төлеп келе жатырмыз потеря дегенді.

ГҮЛНАР ЖҰМАТАЕВА, ҚАЛА  ТҰРҒЫНЫ:

- Мен звонить еткенде олар айтты сіздерге трубадан жылы су келеді. Сол үшін біз сіздерден аламыз деп, жарайды енді қыста алсын, жазда звонить еттім отопление бітті ғой неге сіздер бізден за потерю аласыздар деп ол айтады, жазда да аламыз деп, круглый год аламыз деп.

Бұл мәселе бойынша табиғи монополияларды реттеу комитетінің СҚО бойынша департаментінің заңгеріне жүгіндік.

ВЯЧЕСЛАВ ЛУКИНЫХ,  ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ КОМИТЕТІ  СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЗАҢГЕРІ:

- Нормативтік техникалық шығындар бар, ол монополистердің жылу жүйесіне белгіленген тарифке бірден енеді. Келесі жағдай бұл жылу шығындары. Бұл электр энергиясын есепке алу аспабының қайда орналасқанына байланысты. Яғни, өзінің учаскесіндегі құбырдың ұзындығына байланысты белгілікті мөлшерде қаражат төлеуі тиіс. Тұрғындар жылу шығындары үшін әртүрлі төлеп жатыр, бұны монополистер өздері санап, өздері тексере алады. Ал, біздің комитетте арнайы маман болмағандықтан, бұл мәселеге кірісе алмаймыз. Тұрғындар жылу тарататын кәсіпорынға тікелей жүгінулері тиіс.

Ал, бұл мәселеге тікелей байланысты «Севказэнерго» АҚ БАҚ өкілдерінің сауалдарын әзірге жауапсыз қалдырып отыр.

Жанбота Естайқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

АШЫҚ ЖАТҚАН УРАН КЕНІШТЕРІ ҚОРШАЛЫП ЖАТЫР
20:46, 27 қаңтар 2022
АШЫҚ ЖАТҚАН УРАН КЕНІШТЕРІ ҚОРШАЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
МҮГЕДЕКТІКТІ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ АСҚЫНДЫРМАУ МӘСЕЛЕСІН РЕТТЕУ КЕРЕК
20:34, 27 қаңтар 2022
МҮГЕДЕКТІКТІ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ АСҚЫНДЫРМАУ МӘСЕЛЕСІН РЕТТЕУ КЕРЕК
Толығырақ...
КӘСІПКЕР ТИІСТІ ӨТЕМАҚЫСЫН АЛА АЛМАЙ ЖҮР
17:20, 27 қаңтар 2022
КӘСІПКЕР ТИІСТІ ӨТЕМАҚЫСЫН АЛА АЛМАЙ ЖҮР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...