ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

ЛАУАЗЫМ ИЕЛЕРІ АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШІН АЯҚСЫЗ ҚАЛДЫРСА - ЖАУАП БЕРЕДІ

20:38, 4 маусым 2021

Лауазымды адамдар азаматтардың өтінішін аяқсыз қалдырып, тиісті  шешім қабылдамаса, сот алдында жауап береді. 1 шілдеден бастап жаңа әкімшілік рәсімдік процесстік кодекс қолданысқа енгізіледі. Бұл  мемлекеттік органдардың  азаматтардың өтінішін  қарау, оларға қатысты шешім шығару  жұмысын жетілдіреді, әрі  лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттырады.  Заңнамаға енетін өзгерістерді жергілікті мамандарға  түсіндіру мақсатында Елордадан Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов келді.

Заңға енгізілгелі отырған өзгерістердің басты мақсаты «Еститін мемлекет» тұжырымдамасы аясында жұмыс істеу. Оны іске асыру үшін өңірлерде жаңадан 22 мамандырылған әкімшілік соты ашылды, «Е-өтініш» жүйесі құрылды.  Мамыр айынан бастап өңірдің 438 мемлекеттік мекемесі бұл жүйені жұмысына енгізе бастап, тұрғындардан келіп түсткен электронды өтініштерді қабылдап жатыр.

ӘСЕТ ТҰРСЫНОВ, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

- Қазір  мемлекеттік органдардың   өтініштерді қарау жұмысы тұрғындардың көңілінен шықпайды.  Мерзімі ұзартылып,  жауапты ресми түлмен жаза салады, мәселені шешуде қадағалаудың болмауы және тағы басқасы наразылық тудырады. Жаңа кодекске сәйкес, егер азамат сотқа өтініш берсе, мемлекеттік орган сотта күдікті ретінде тартылып, «мемлекеттік органның кінәлілік призумциясы» қағидасы ұстанады.

Бүгінге дейін  мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы дау-дамайлардың 80 проценті мемлекеттік органның пайдасына шешілетін.  Әрі азамат мекемелердің табалдырығын тоздырып, сотқа қажетті құжаттар мен анықтамаларды өзі жинайтын. Жаңа заң болйынша, таразының басы қарапайым азамат жағына ауып,  жауапты лауазымды тұлғалар бермек.   

ӘСЕТ ТҰРЫСОВ, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

- Е-өтініш жүйыесі республика бойынша орталықтандырылған. Өтініштерді салаларға бөлетін арнайы фильтр болады.  Есем беру формасы да басқа болады.  

Әсет Тұрысовтың айтуынша өтініштерді қарау идеологиясы өзгереді.  Жаңа заң мамандардың жауапкершілігін арттырады. 

 

Тақырып бойынша материалдар

2006 ЖЫЛҒЫ БАНКНОТТАР МЕРЗІМСІЗ АУЫСТЫРЫЛАДЫ
17:20, 11 маусым 2021
2006 ЖЫЛҒЫ БАНКНОТТАР МЕРЗІМСІЗ АУЫСТЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...