М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың профессорлары 5 маусымда өтетін республикалық референдумды қолдайды. «Аманат» партиясының облыстық филиалында профессорлық-оқытушылар құрамы арасында іс-шара өткізіліп, Конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы түсінік берілді.
Бұл реформа ел Президенті қабылдаған саяси мәні ерекше маңызды шешім. Және де елдің еркін таңдауын жүзеге асыратын ең әділ үрдіс. Айта кету керек, өткен аптада Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа бейнеүндеуін жолдап, ҚР Конституциясына түзетулер енгізу жобасы бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Енді 5 маусымда республикалық референдум өтеді. Бұл - бүкіл мемлекеттік үлгінің кешенді өзгеруіне бағытталған реформа. М. Қозызбаев атындағы СҚУ-дың профессорлары халықты осы референдумға қатысып, қолдау көрсетіп, өзіндік үн қосуға шақырды.
ЖАНАР ТАЛАСПАЕВА, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ ПРОФЕССОРЫ:
- Бүгінгі күні халқымыз үлкен тарихи таңдаудың алдында тұр. Жалпы саяси билікке тек қана Үкімет басшылары ғана емес, депутаттар ғана емес, біздің өзіміздің еліміздің қарапайым халқы да толыққанды араласуы керек деген идеядан туындаған. Және де бүгінгі демократияның, еркін Қазақстанның әділдік орнаған Қазақстанның негізгі бастамасы болатынына біз толық сенімдіміз...Мен бүкіл әріптестерімді, халықты үн қосуларына шақырамын.