Петропавлда өскемендік мамандар 2-ЖЭО-дағы бірінші түтін мұржасын бөлшектеуге кірісті. Естеріңізге сала кетейік наурыздың 20-ы алып мұржаның жоғарғы бөлігі опырылып құлаған болатын.
Қазіргі таңда мердігер компанияның Жұмысшылар алдымен мұржаның сыртқы кірпіш қабатын бұзып алмақ. Содан кейін ғана минералды плитадан тұрғызылған жылу оқшаулағышын бөлшектеуге кіріседі. Осылайша үстіңгі екі қабатты және темірбетон мұржасының өзін екі ай бойы 30 метрлік белгіге дейін қолмен бөлшектемек. Жұмыстарды тамыздың 3-не дейін аяқтау жоспарланған. Оған шамамен 150 млн теңге бөлінген. Жаңа мұржаны жобалауға техникалық тапсырма берілді. Оның биіктігі 200 метрді құрайды. Яғни бұрыңғысынан 50 метрге биік.
ДМИТРИЙ ЗАХАРОВ, ПЕТРОПАВЛ ЖЫЛУ-ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ М.А.:
- Қыркүйек айына дейін темір-бетон конструкциялар шығарылады. Сонымен қатар, газ құбырларын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Күз мезгіліне қарай қарай біз жөнделіп жатқан екінші түтін мұржасына жұмыс істеп тұрған 7 қазандықты қосуды жоспарлап отырмыз. Кейін тағы 2 қазандықты қосамыз. Осылайша жаңа жылыту маусымында бізде 9 қазандық агрегаты жұмыс істейтін болады.