ШҰҒЫЛ! НЕЛЛИ ИВАНОВА 80 ЖАСТА Толығырақ

МАМАНДЫҒЫМ – МАҚТАНЫШЫМ

13:03, 5 наурыз 2021

Мамандығым -мақтанышым. Дәл осы ұстаныммен петропавлдық Динара Айтқожина ПД көші-қон қызметі  басқармасында 20 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Оның міндеті – тұрғындарды құжаттандыру, жеке куәлік пен паспортты беру. Мереке қарсаңында тілшілеріміз Динара Айтқожинамен  тілдесіп қайтты. 

Облыстағы ПД көші-қон қызметі басқармасында 15 адам еңбек етеді. Олардың 7-еуі әйел. Солардың бірі- Динара Айтқожина. 2000 жылдан бері дәл осы көші-қон қызметі басқармасында аға инспектор болып жұмыс істейді. Оның жолдасы да ішкі істер органдарында  еңбек етіп, бүгінде еңбегінің зейнетін көріп отыр. Ерлі-зайыпты жұмыста танысып, шаңырақ көтерді. Бүгінде екі баласы бар.

ДИНАРА АЙТҚОЖИНА, СҚО ПД КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

- Барлық мерекелік демалыстарды біз жұмыс орнында өткіземіз. Бұл біз үшін қалыпты жағдай. Жұмысқа жауапкершілікпен қарай білу керек. Күні бойы әскери форманы киіп жүріп, үйге барған соң аяулы жар, сүйікті ана қызметіне кірісемін. Уақыт тапшы болса да,  отбасыма көңіл бөлу менің міндетім.

Ішкі істер органында қызмет ету Динараның бала күнгі арманы екен. Алайда, бұл сала қыз-келіншектер үшін қиын екенін жасырмайды. Динара Айтқожинаның міндеті жеке куәлік пен паспортқа тапсырыс берген өңір тұрғындарының өтінімдерін тіркей отырып, ешқандай заңбұзушылық болмауын қадағалау.

ЕРМЕК НҰСЫРБАЕВ, СҚО ПД КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Көші-қон қызметі басқармасында 7 әйел жұмыс істейді. Әрине, әйелдер әрқашанда ұқыпты, жұмысқа деген жауапкершілігі мол. Динарада біздің бетке ұстар әріптестеріміздің бірі. Олардың демалыс күндері де осында, жұмыста өтеді. Себебі, заңбұзушылыққа жол бермеу біздің басты міндет.

Динара Айтқожина ішкі істер органында 20 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Бұл жұмысты таңдағаныма өкінген емеспін дейді ол.

 

Тақырып бойынша материалдар

АЛҒАШҚЫ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ 400 ҰЙЫМ ҚАТЫСТЫ
13:01, 19 сәуір 2021
АЛҒАШҚЫ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ 400 ҰЙЫМ ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...
ҚҰТЫРМА  АУРУЫ  ӨҢІРДІҢ ТАҒЫ 4 АУДАНЫНДА ТІРКЕЛДІ
20:44, 16 сәуір 2021
ҚҰТЫРМА АУРУЫ ӨҢІРДІҢ ТАҒЫ 4 АУДАНЫНДА ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
17:20, 16 сәуір 2021
ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
Толығырақ...
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
20:44, 15 сәуір 2021
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
Толығырақ...