ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУҒА ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ БӨЛІНДІ

20:42, 21 маусым 2022

Өңірде мәдениет саласына қажет мамандарды даярлау үшін биыл бюджет есебінен 15 түлекке грант беріледі. Бұл жоба 7-8 жылға шақталған. Яғни кадр жетіспеушілігі мәселесін жою үшін жыл сайын облыстық бюджеттен 15-20 грантқа қаржы бөлініп отырады. Осылайша өңір 100 маманды оқытып алмақ.

 Үміткерлер ҰБТ межелі балды жинап, шығармашылық емтиханнан алдын ала өтуі қажет. Байқау ЖОО тізімі анықталғаннан кейін өткізіледі. Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы Досбол Әбдриисовтың айтуынша, конкурстық комиссия құрылады. Әзірге қай жоғары оқу орындарына таңдау түсетіні белгісіз, тәжірибесіне, білім беру сапасы назарға алынбақ.

ДОСБОЛ ӘБДІРИСОВ, СҚО МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ МҰРАҒАТ ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Біз сұранысқа ие мамандықтарға басымдылық береміз.Бұл музыкалық драма театрының актерлері, өнер актерлері, режиссерлер, түрлі жанрдағы вокалистер мен аспапшылар. Мәдениет басқармасына қарасты облыстық мекемелерде қазірге таңда шамамен 390 адам еңбек етеді. Тек 155 маманның ғана  жоғары кәсіби білімі бар.

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар