ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

«МӘДЕНИЕТТІ АНА – МӘДЕНИЕТТІ ҰЛТ»

13:05, 4 шілде 2022

Оқушылар сарайында облыс бойынша Қазақстан халқы ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында Әйелдер мен балалардың құқығы, Отбасы институтын нығайту және бала тәрбиесі туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» атты жобасын іске асыру бойынша да мәселелер талқыланды.

 Қазақстан халқы ассамблеясы республикалық Аналар кеңесі – Ассамблеяның заңды құрылымдарының бірі. Бұл ұйым 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеді.  Оның мақсаты -  ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайтуға және сақтауға бағытталған.  Кеңейтілген отырыста облыстық әжелер мектебінің мүшесі Қымбат Есманова ананың рөлі туралы өз ойымен бөлісті.

ҚЫМБАТ ЕСМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІНІҢ МҮШЕСІ:

  - Ана дүниеге сәби әкеледі.Халықтың санын көбейтетін де ана. Ана ұлт мақтанышы. Ұлт болмаса, мемлекетте болмайды.  Ананың бойындағы білім ананың бйоындағы тәрбие, ананың бойындағы жалпы мәдениеттілік, киінуі да.. мұның бәрі ананың мәдениеттілігі. Ана өз бойындағы барлық жақсы қасиеттерін балаға береді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» атты республикалық жобаны іске асыру - Қазақстан халқы ассамблеясы Республикалық Аналар кеңесіне жүктелді. Және кеңейтілген отырыста Аналар кеңеснің төрайымы Нәзипа Шанаи аталмыш жобаны орындауға бағытталған міндеттер туралы айтты.

 НӘЗИПА ШАНАИ, ҚХА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

- Жалпы, Аналар кеңесінің алдында тұрған ең үлкен міндет – ол тәрбие жұмысы. Бізде бүгінгі таңда жаңа Қазақстан. Ертең, біздің екінші республикамызды аяғына тұрғызатын қоғам бұл біздің балаларымыз. Олай болатын болса, ұлтты тәрбиелейтін ана ретінде, ананың өзінің мәдениеті жоғары, білімі жоғары, рухани бай болған жағдайда ғана ұрпақ өседі.

 «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» републикалық жобаны іске асыру 4 бағыт бойынша қарастырылған.

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар