«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында соңғы 5 жыл ішінде өңірде 34 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылған. Бұл туралы облыстық қоғамдық кеңес мүшелері алдында баяндама жасаған жауапты ведомство өкілдері хабарлады.
Қазір электронды еңбек биржасында 2,5 мыңға жуық бос орын бар. Негізінен облыста құрылысшылар, ұстаздар мен медицина қызметкерлері тапшы. Енді 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы аясында бұл мәселе шешімін таппақ.
РИНАТ ЕЛЖАСОВ, СҚО ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
- Биыл 1300-ге жуық солтүстікқазақстандық осы бағдарламаға қатысты. «Жастар практикасы», «Қоғамдық жұмыстар», «Ұрпақтар келісімі» сынды жобалардан бөлек, 400 АЕК дейінгі қайтарымсыз гранттар беріледі. Оған 300 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл шаралардың барлығы оқу бітірген жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған. Яғни, олардың тәжірбие жинауы үшін жасалып отыр.