ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ БЕРЕРІ КӨП

17:23, 23 қыркүйек 2021

Қазақстанда кәсібін дөңгелетемін деушілерге көптеген бағдарламалар қарастырылған. Солардың бірі Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы өңірімізде қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Айталық Нұр-сұлтан қаласынан Ғ. Мүсірепов ауданына қоныс аударған   Шамұратовтар отбасы бағдарламаның игілігін көруде.

Роза Шамуратова облысқа осыдан 10 жыл бұрын қоныс аударған. Ал 2020 жылы оның анасы да көшіп келуге бел буады. Нұр Сұлтан қаласын ауылдық жерге айырбастаған олар өз таңдауларына  өкінген емес.

РОЗА ШАМҰРАТОВА, КӘСІПКЕР:

Мемлекеттік қолдаудың арқасында отбасына жаңа баспана берілді. Олар бұл үйде 5 жыл тұрғаннан кейін  оны сатып ала алады. Сондай-ақ бұл отбасы дүкен  ашып жергілікті халықты азық-түлікпен қамтамасыз етіп келеді. Биыл ауданда Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 56 адам 244 миллион теңе жеңілдетілген шағын несие алды.

НҰРЛАН ТЕМІРҒАЛИЕВ, ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ АУДАННЫҢ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- 56 шағын жеңілдетілген шағын несие алушының 36-сы өз кәсібін жаңадан бастағандар. Сондай-ақ несие алушылар 25 жаңа жұмыс орын ашуды жоспарлап отыр. Несиені басым бөлігі мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, сауда, қызмет көрсету салаларына алынған. Сонымен қатар биыл 50 адам 28 млн теңгеге жаңа идеяларын жүзеге асыруға гранттар алды. Олардың көбі қоныс аударушылар, мүгедектер аз қамтылғандар.»

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2021 жылы ауданға еліміздің еңбек күші көп өңірлерінің 45 отбасы қоныс аударды.

 

Тақырып бойынша материалдар

КОМПЛАЕНС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛЫП КЕЛЕДІ
17:18, 28 қазан 2021
КОМПЛАЕНС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛЫП КЕЛЕ...
Толығырақ...
КӨЛІКТІК ИНСПЕКЦИЯ БИЫЛ 6 МЛН ТЕҢГЕНІҢ АЙЫППҰЛЫН САЛДЫ
13:02, 28 қазан 2021
КӨЛІКТІК ИНСПЕКЦИЯ БИЫЛ 6 МЛН ТЕҢГЕНІҢ АЙЫППҰЛЫН САЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...