Мемлекеттік кірістер департаментінде кәсіпкерлер палатасымен бірігіп салық заңнамасы мәселелері бойынша ашық есік күні өтті. Биылдан бастап департаментте Е-салық азамат мобильді қосымшасы жұмыс істейді. Мақсат осындай жаңашылдықтармен таныстыру. Әріптесім тарқатып айтсын.
Өткізіліп жатқан ашық есік күнінде азаматтар жеке кәсіпкерді тіркеуге, мобильді қосымша арқылы қарызды қалай төлеуге болатынын біліп, мүлікке салықтарды есептеу, электронды шот-фактуралар, тауарға ілеспе жүкқұжаттар және арнаулы салық режимдері мәселелері бойынша сұрақтарын қойды. Е-салық азамат мобильді қосымшасы артық төленген соманы қайтару, Салық әмияны, айыппұлдарды тексеру, декларация тапсыру мүмкіндігі бар.
ӘЛІБЕК ҚАНИЕВ, САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
- Бүгінгі күннің ең өзекті тақырыбы, бұл «Е-салық азамат» мобильді қосымшасы туралы. Сол қосымша арқылы жер салығын және мүлік салығын біліп, уақытрында төлей аласыз.
Бизнес пен салық бір-біріне байланысты. Сол себепті де кей кәсіпкерлер көп жағдайда кәсіпкерлер палатасына мемлекеттік кірістерге қатысты мәселелер бойынша жүгінеді. Ал ашық есік күнінде Кәсіпкерлер палатасының өкілдері азаматтарға бірқатар мәселелерді түсіндіріп берді.
ЛИНА ЕРМОЛАЕВА, СҚО КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ :
- Кәсіпкерлер Палатасы салық және басқа да мемлекеттік органдарда бизнесті қолдайды. Оларға түрлі түсініктемелер береді. Мысалы, салық комитетінде салық есебін жүргізу шығындарын қалай дұрыс қолдануға болатынын айтады. Сондай-ақ, айыппұл салынбауы үшін, төлемдерді қалай дұрыс жүргізу керектігін түсіндіреміз.
Айта кету керек, ашық есік күні биыл департаментте алғаш рет өтіп жатыр.