ШҰҒЫЛ! ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІ РЕФОРМАЛАНУДА

17:20, 5 тамыз 2020

Мемлекеттік қызмет жүйесі реформалану үстінде. Әсіресе, қолға алынып жатқан шаралардың дені, кадрларды бір орында тұрақты ұстап қалуға бағытталған.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырып қарағанда, биыл мамандардың басқа лауазымға ауысу көрсеткіші 0,8 пайызға төмендепті. Тағы бір жағымды жаңалық. Биылдан бастап мемлекеттік қызметшілерге арнайы әлеуметтік қолдау қарастырылды. Яғни, ауыл, аудандағы әкімдік, сот, полиция бөлімдеріне  жұмысқа орналасатындар «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қатыса алады. Демек, көтермеақы және арзан несие алу мүмкіндігі  бар. Осылайша, үкімет ауылды жердегі кадр тапшылығы мәселесін шешпекші. 6 айдың қорытындысы бойынша атқарушы органдарда жиынтығы 730 бос орынға конкурс жарияланыпты.  658 адам тест тапсырып, сәтті өткен. Осы жылдан мамандарды іріктеу үрдісі де біршама оңтайландырылып, кезеңдер саны үш есеге қысқартылыпты. Бұдан былай, білім, денсаулық және әлеуметтік қызметкерлер бір күн ішінде конкурстан өте алады. 

Бүгінде өңірдегі 4 мыңнан астам мемлекеттік қызметші міндетін атқарып жүр. Соның 64 пайызы нәзік жандар. Жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатымен мемлекеттік қызметтердің дені электрондық баламасына алмастырылуда. 

ЕЛЕНА СТЕПАНЕНКО, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Біз сарапшылар ретінде мемлекеттік мекемелерде өткізілетін ішкі қадағалау жұмыстарына араласа аламыз. Кодекс нормаларын бұзған маман бірден тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Кез келген шағымды 36-01-62  немесе  Е-гов электрондық порталы арқылы қабылдаймыз. Біз кәсіби мемлекеттік аппаратты құру жобасын одан әрі жалғастырамыз. 

Берік ҚАСЕН

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДА БИЫЛ 58 ОЙЫН АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:19, 24 қыркүйек 2020
ПЕТРОПАВЛДА БИЫЛ 58 ОЙЫН АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

14:26, 21 қыркүйек 2020
«САЛЫҚ ӘМИЯНЫ» ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
20:34, 22 қыркүйек 2020
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
Толығырақ...