ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА 3-ШІ ЗАМАНАУИ АНГИОГРАФ АППАРАТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ 93 % ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА БЕРІЛЕДІ

20:40, 24 қараша 2020

Бүгінгі күні 694 мемлекеттік қызметтің 93% - ы электронды форматта қолжетімді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мәліметіне сәйкес жыл басынан білім беру, тұрғын үй, құрылысқа қатысты қызмет түрлерін үйден шықпай-ақ электронды түрде алатын жерлестерміздің саны артқан.

Қазіргі таңда кез-келген мемлекеттік қызметті үйден шықпай-ақ телеграм бот, егов.кз сайттарынан цифрлы қолтаңбанының немесе құпия сөздің көмегімен еш қиындықсыз алуға болады. 9 айдың қорытындысы бойынша жүргізілген жұмыстың арқасында мемлекеттік қызметтердің 92,5% - ы электрондық форматта алынды, яғни электрондық қызметтерді алатын азаматтар саны өскен.  

ГҮЛНӘР ЖУСАЛИНА, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

-  Бүгінгі таңда 694 мемлекеттік қызмет түрінің 93% - ы электронды нысанда қолжетімді.Автоматтандыру Мемлекеттік қызметтерді алу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы міндетті емес, face-ID тұлғасын сәйкестендіруді немесе бір реттік смс-құпиясөзді пайдалануға болады деген деңгейге жетті. E-govmobile, ТелеграмБот, Facebook және ВКонтакте сияқты әртүрлі мобильді қосымшалар, сервистер және әлеуметтік желілер азаматтардың қызметтерді өз бетінше алуына жәрдемдеседі. Облыс тұрғындарын мемлекеттік қызметтерді тек электронды түрде алуға шақырамын, себебі бұл уақытты үнемдейді.

Дене шынықтыру және спорт басқармасы және оған бағынышты ұйымдар 6 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Жыл басынан 1567 қызмет түрі берілді. Соның 331-і мемлекеттік корпарация арқылы.

СЕРГЕЙ МЕЛЕХОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Барлық мемлекеттік қызметтер тегін түрде көрсетіледі. «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясын жаңа жұмыс форматына көшірудің пилоттық жобасы аясында және халықты қызметтерді өз бетінше алу мүмкіндігімен қамту мақсатында басқарма ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылды.

Брифинг барысында Сергей Мелехов өңірде спорттың 82 түрі дамығанын атап өтті. Сонымен қатар, қазіргі таңда 176 мыңнан астам жерлесіміз саламатты өмір салтын ұстанып, спортпен белсенді түрде айналысады. Бұл көрсеткішті одан әрі көбейту үшін өңірде 6 дене-шынықтыру-сауықтыру кешенініің құрылысы жүріп жатыр.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

ПРАВОСЛАВТЫҚТАР «КРЕЩЕНИЕ ГОСПОДНЕ» МЕЙРАМЫН АТАП ӨТТІ
13:05, 19 қаңтар 2021
ПРАВОСЛАВТЫҚТАР «КРЕЩЕНИЕ ГОСПОДНЕ» МЕЙРАМЫН АТАП ӨТТІ
Толығырақ...
18 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙГЕ КОНКУРС БАСТАЛДЫ
13:03, 19 қаңтар 2021
18 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙГЕ КОНКУРС БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
КРЕЩЕНИЕ» МЕЙРАМЫНДА САНИТАРЛЫҚ ТАЛАП ҚАТАҢ САҚТАЛАДЫ
20:44, 18 қаңтар 2021
КРЕЩЕНИЕ» МЕЙРАМЫНДА САНИТАРЛЫҚ ТАЛАП ҚАТАҢ САҚТАЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕКТЕПТЕРДЕ АСХАНАНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
17:17, 14 қаңтар 2021
МЕКТЕПТЕРДЕ АСХАНАНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
Толығырақ...
АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛДАР ЖАБЫЛДЫ
17:19, 12 қаңтар 2021
АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛДАР ЖАБЫЛДЫ
Толығырақ...
БИЗНЕСКЕ ЗАҢСЫЗ АРАЛАСҚАНДАР  8  ЖЫЛҒА ДЕЙІН СОТТАЛАДЫ
17:15, 14 қаңтар 2021
БИЗНЕСКЕ ЗАҢСЫЗ АРАЛАСҚАНДАР 8 ЖЫЛҒА ДЕЙІН СОТТАЛАДЫ
Толығырақ...