ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ БІРНЕШЕ АКЦИЯ ӨТТІ

20:43, 4 маусым 2021

Облыс орталығында бүгінгі мерекеге орай жастар мен волонтерлер бірнеше акция ұйымдастырды. Олар барынша қала тұрғындарын қамтуға тырысты. Мәселен жастар қоғамдық орындарда жалау таратса, қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері көшелерде қызықты викторина ұйымдастырды.

Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері Петропавлдың орталық көшелеріне шығып, Ту, Елтаңба мен Гимн туралы сұрақтар қойды. Викторинаны ұйымдастырудағы мақсат -тұрғындардың мемлекеттік рәміздер жөніндегі білімін байқап, ақпарат беру. Сауалдар қарапайым. Маусымның 4-і күні елімізде қандай мереке аталып өтіледі? Қазақстанның туындағы элементтер қандай мағына білдіреді? Әнұранның авторлары кім?

43-ші мектептің оқушылары барлық сұраққа дұрыс жауап берді. Бірақ кей жастардың ішінде бүгіннің күннің аталуы мен маңызы жайлы білмейтіндер бар екен. Бірі бүгін балалар құқығын қорғау күні десе, енді бірі тіпті наурыз деп жауап қатты. Облыстық ассамблея мүшелері өз кезегінде Ту, Елтаңба мен Гимн туралы жадынама таратты. Ал Кәрім Сүтішев көшесінде волонтерлер тұрғындарға жауалар таратты. Бұл - қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастырған акциясы.

ӘЛФАРАБИ МЫҢБАЙ, ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Мерекені жылда атап өтуге тырысамыз. Дәстүрге сай үй балкондарына Ту ілінді. Пандемияға байланысты бірқатар іс-шараны кейінге қалдырдық. Қазір жастардың, жалпы халықтың патриоттық сезімін ояту мақсатында Ту таратып, әлеуметтік желілерге видео жүктеудеміз.

Бұл күні 30-ға жуық волонтер тұрғындарға жалпы саны 400-ге тарта жалау таратты.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

2006 ЖЫЛҒЫ БАНКНОТТАР МЕРЗІМСІЗ АУЫСТЫРЫЛАДЫ
17:20, 11 маусым 2021
2006 ЖЫЛҒЫ БАНКНОТТАР МЕРЗІМСІЗ АУЫСТЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...