ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ БАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

17:20, 8 маусым 2022

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауы БАҚ саласындағы мемлекеттік тілдің қолдануын реттеу, әлеуметтік беделін арттыру мақсатында бірнеше жылдан бері ұйымдастырылып келеді.  Бүгін Қазақстан Халқы ассамблеясында байқаудың облыстық кезеңіндегі жеңімпаздары марапатталды.

 «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқаудың облыстық кезеңіне 15 үміткер қатысты.  «Үзқдік мақала», «Үздік сайт мақаласы» және «Үздік телебағдарлама» секілді үш номинация бойынша қатысушылар өздерінің жұмыстарын жіберген. Облыстық «Qyzyljar» телеарнасының 3 журналисі байқауға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

МАҒЖАН АХМАДИНА, «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ СҚОФ РЕДАКТОРЫ:

- Байқауға бірініш рет қатысып оырмын. Оған мен М. Жұмбаев ауданындағы Сұлушоқ ауылындағы 4 баланы асырап алған отбасы туралы сюжет берген болатынмын.Олардың өмірі жайлы баяндаған болатынмын.  Бүгін бірінші орын алдым. Тілдер басқармасына алғысымды айтамын.

МАЙГҮЛ СЕЙІЛБЕК, QAZAQSTAN» РТРК» АҚ СҚОФ РЕДАКТОРЫ:

-Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай телеарнада Жасампаз.кз деген бағдарлама шығып тұрды және Алаш қайраткерлеріне арнап, арнайы фильм жасадық. Жұмыстарым өз бағасын алып, екінші орынғңа ие болып отырмын. Өте қуаныштымын.    Арнамыз осы мемлекеттік тіл саясатын, мемлекеттік тілідң мәртебесін көтеру үшін тыңбкай еңбек етіп жатыр.

 Былтырдан бастап «Мемлекеттік тіл және БАҚ»  республикалық байқауына жаңа ережелер еңгізілді. Енді тек БАҚ өкілдері ғана емес, оған сондай-ақ, ЖОО-ның  тіл мамандары да қатыса алады. Айта кету керек,  байқаудың облыстық кезеңінде жеңімпаз атанған журналистердің жұмыстары республикалық кезеңге жіберіледі.

ФАРИДА ТҰЯҚОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

- Биылғы жылғы конкурс А. Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналып отыр. Қыркүйек айында респуьбликалық кезеңнің қорытындысы шығады. Облыста жеңімпаз атанғандардың жұмысы республикалық кезеңге жіберіледі.  Биылғы жылы да біздің облыстың намысын қорғайтын үміткерелрдің биік тұғырдан көрінетіне үміттіміз.

 Ал былтыр аталмыш байқаудың республикалық кезеңінде өңір намысын  облыстық «Солтүстік Қазақстан» газетінің тілшісі Ақмарал Есдәулетова қорғап, жеңімпаз атанды және 500 мың теңгенің сертификатына ие болды.

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар