Өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ерлік Тайжанов пен Дмитрий Колода Қызылжар ауданындағы кірпіш зауытына барып, кәсіпорынның жұмысымен танысты. Депутаттар өңірде «Жол картасы» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан істерді қадағалайды. 13-ші шілдеге дейін олар облыс аудандарына да барып, тұрғындардың мәселелерін тыңдайтын болады.
Облысқа жұмыс сапарымен келген Мәжіліс депутаттары зауыттағы жұмысшылармен және кірпіштің жасалу жолымен танысты. Кәсіпорын кірпіш шығарарда, бірінші балшық пен шикізатты араластырады, кейін оны пішінге келтіріп, пештен кептіріліп шығарады. Зауытта әзірге бір ғана пеш жұмыс істеп тұр. Қазір екінші пештің құрылысы жүріп жатыр.
ЕРЛІК ТАЙЖАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
- Зауыт үлкен жұмыстар істеп жатыр екен. Инвестициясы да жақсы. Кірпіш өте качественный деп жатыр. Жұмысшыларға да қарап отырмыз, қаншама жұмыс орны берілген. Шикізатты да осыннан алып жатыр, мен ойлаймын бұл өнім біздің өңірге қажет өнім. Комплексный план развития СКО деегн үлкен жоспар бар. Оған бюджеттен үлкен ақша бөлінген. Соның аясында осы кірпіш зауыты да бар.
«КИРПИЧ-СК» ЖШС осы жылдың мамыр айында «Аmanat» партиясының аймақтық сайлауалды бағдарламасы мен «Жол картасы» бағдарламасы аясында іске қосылды. Қазір мұнда 100 адам екі ауысымда жұмыс істеп жатыр. Зауыт жылына 30-млн-ға дейін кірпіш шығаруды жоспарлап отыр.
АБИЛЬ БЕРНЕЦЯН, «КИРПИЧ-СК» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Бізде қазір робот бар. Ол өзі жұмыс істейді. Кептіргіш пен пеш - бір желіде орналасқан, екінші желі реттеліп жатыр. Материалдар Подгорный ауылынан қабылданады. Кірпіштің екі түрін шығарамыз.
Айта кету керек, кірпіш зауыты ғимаратының құрылысы аяқталмағандықтан, қазір мұнда жұмыс тек жаз мезгілінде ғана жүреді. Құрылыс толығымен аяқталған сон, зауыт жыл бойы жұмысын жалғастыратын болады.
Айгерім Құсайынова