ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БІР ЖЫЛДА АУАҒА 76 МЫҢ ТОННА ЗИЯНДЫ ЗАТТАР ТАРАҒАН Толығырақ

МҮГЕДЕКТЕРГЕ ШЕКТЕУ ЖОҚ

20:34, 2 тамыз 2019

Петропавлдық Сәлімхан Сәбитов жігері жасымаған жандардың бірі. Тірек-қимыл жүйесі бұзылған  болса да мойымай,  өз замандастарына үлгі болып жүр. Биыл мүгедектерге арналған автомектеп ашып, алғашқы жүргізушілерді даярлап шығарды.

Көлік жүргізу  Екатеринаның көптен бергі арманы. Биыл мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мектеп ашылғанын естіп, алғашқылардың бірі болып жазылды. Арнайы курстан өтіп, темір тұлпарды тізгіндеді. 

 ЕКАТЕРИНА ЗАЛЕЦКАЯ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

- Алғашында қалшылдап тұрып қорыққаным бар. Бірақ рөлге отырғасын ол үрейден арылып, тез үйреніп кеттім. Өте қуаныштымын арманым орындалғанына.

Петропавлда 1800-ге жуық мүгедек болса, олардың 800-ден астамының тірек-қимыл жүйесінде ақау бар. Бірақ, автокөлік жүргізіп, жүріс-тұрыстарын жеңілдеткісі келеді. Бүгін 4  адам  жүргізуші куәлігіне ие болды.

СӘЛІМХАН СӘБИТОВ, АВТОМЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

- Басында қорқатын олар, сау адам сияқты жүргізе аламын ба, аварияға түспеймін бе деп. Оқу барысында мұғалімдердің қолдауымен үйреніп кетті. Бүгін осы қоғамға керек адам екенін дәлелдеп жүргізуші куәлігін алды.

Сәлімхан қазір екі автокөліктің иесі. Ресейдің Челәбі қаласында көлікті қолмен басқаратын қылып жөндеткен. Яғни,  автоматты  трансмиссия және жылдамдықты реттеу жүйесі жеңілдетілген.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТА БІР ЖЫЛДА АУАҒА 76 МЫҢ ТОННА ЗИЯНДЫ ЗАТТАР ТАРАҒАН
20:40, 3 тамыз 2021
ОБЛЫСТА БІР ЖЫЛДА АУАҒА 76 МЫҢ ТОННА ЗИЯНДЫ ЗАТТАР ТАРАҒАН
Толығырақ...
«ASHYQ» ҚОСЫМШАСЫНЫҢ ЖАҢА КӨШБАСШЫЛАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
20:35, 2 тамыз 2021
«ASHYQ» ҚОСЫМШАСЫНЫҢ ЖАҢА КӨШБАСШЫЛАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
20:37, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
17:22, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
20:37, 29 шілде 2021
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
Толығырақ...