ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ ОНЛАЙН-ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ Толығырақ

​ОБЛЫС АУМАҒЫНДА БІР АЙДА 60 ӨРТ ТІРКЕЛДІ

20:40, 26 қаңтар 2021

Облыста бір айдың ішінде 60 өрт оқиғасы тіркелді. Салдарынан 7 адам қаза тауып, 8 адам жарақат алған. Материалдық шығын- 37 миллион теңгеден асты. Бұл жайында облыстық ТЖД бастығының орынбасары Орал Әбдірахманов брифингте мәлім етті. 

Қаңтардың 26-сы күні сағат 1-ден 16 минут кеткенде 101 нөміріне Ружейников көшесі, 97 мекенжайында орналасқан үш қабатты үйден түтін шыққаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына е өрт сөндірушілер 8 минут ішінде келіп, бірден 16 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Тағы төрт адамды құтқарды. Қызыл жалын 20 минуттан соң ауыздықталды. Қаза болғандар жоқ.

ОРАЛ ӘБДІРАХМАНОВ, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

- «4 баланың ішінде 1 бала 2005-ші жылғы туылған бала улы газбен уланған. Қазіргі кезде ол ауруханаға жеткізілді. Енді жағдайы тұрақты. Шыққан өрттің себебі анықталуда. Өрттің көлемі 3 шаршы метрі анықталды.»

Сондай-ақ, қаңтардың 21-і күні Есіл ауданы Николаевка ауылында тұрғын үйде 27 литрлік газ баллоны жарылып, үй өртенген. Салдарынан 1994 жылы туған әйелдің денесі күйік шалып, ауруханаға жеткізілді.

ОРАЛ ӘБДІРАХМАНОВ, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

«Осы үйдің иесі Лейман азаматша 3-4 дәрежелі күйік алды. Жағдайы қазіргі кезде ауыр. 90 % дене және тыныс алу жолдарын күйген. Енді шыққан өрттің себебі қазіргі таңда анықталуда. Жалпы өрт 144 шаршы метрді құрады.  »

Жалпы бір айдың ішінде облыс аумағында 60 өрт тіркеліпті. Оның дені Петропавлда болған. ТЖД мамандарының айтуынша көп жағдайда тұрғындар спирттік ішімдікке сылқия тойып, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Салдарынан өрт шығып, арты қайғылы аяқталады.

ОРАЛ ӘБДІРАХМАНОВ, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

«СҚО тұрғындарын негізгі өрт қауіпсіздік талаптарды сақтауға шақырамыз. Электр энергиясын пайдаланған кезде ақаулы электр резеткаларға электр приборларды қосуға жол бермеңіздер. Тағы да айтып кететін мәселе- электр приборларды қолдану кезінде жанындағы жанғыш немесе ағаш материалды жақын тұруға жол бермеңіздер.»

Соңғы аптада облыс аумағында сынап бағанасы 35-40 градусқа дейін төмендеді. Төтенше жағдай қызметі өңір тұрғындарын аса қажеттілік болмаса үйден шықпауды ескертіп, барлық бағыттағы жолдар жабылған еді. Соның нәтижесінде өңірде аязды күндері төтенше жағдай орын алған жоқ. Жалпы бүгінде  облыстық ТЖД қар көп жауатын аудандарда 92 техника дайындап қойған. Сондай-ақ, 14 мобильді іздеу тобы да бар.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДА 9,5 МЫҢ ТҰРҒЫН ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ТЕГІН ЖҮРЕДІ
17:18, 23 сәуір 2021
ПЕТРОПАВЛДА 9,5 МЫҢ ТҰРҒЫН ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ТЕГІН ЖҮРЕДІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ ОНЛАЙН-ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ
17:15, 23 сәуір 2021
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ ОНЛАЙН-ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ
Толығырақ...
145 ІС ТАРАПТАРДЫҢ ТАТУЛАСУЫМЕН АЯҚТАЛДЫ
20:45, 22 сәуір 2021
145 ІС ТАРАПТАРДЫҢ ТАТУЛАСУЫМЕН АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚҰТЫРМА  АУРУЫ  ӨҢІРДІҢ ТАҒЫ 4 АУДАНЫНДА ТІРКЕЛДІ
20:44, 16 сәуір 2021
ҚҰТЫРМА АУРУЫ ӨҢІРДІҢ ТАҒЫ 4 АУДАНЫНДА ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...