ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

17:57, 6 желтоқсан 2019

Тозығы жеткен кәріз жүйесі,  медициналық амбулаториялардың жоқтығы, қазақша білім беретін мектепте орынның жетпеуі. Осы және тағы басқа мәселелер Аққайын ауданының тұрғындары үшін аса өзекті   «Nur Otan» партиясының төрағасы, облыс әкімі Құмар Ақсақалов аудан орталығы Смирново  елді мекеніне барып, халықпен кездесті. 

Наталья Брысенкова  партия филиалының төрағасына ауданның еңбек ардагерлерінің атынан келіп отыр.

НАТАЛЬЯ БРЫСЕНКОВА6 АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

-  1960 жылы тұрғызылған аурухананың кәріз жүйесі бүгін тозып, істен шыға береді. Бұл жүйеге әлеуметтік мекемемен қатар, зейнетке шыққан дәрігер мамандары тұрып жатқан екі қабатты үйлер де қосылған. Бір амалын тауып кәрізді жаңартуға бола ма?

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ СҚОФ ТӨРАҒАСЫ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

 - 2017 жылдан бері Новоишимкада кәріз жүйесін жаңарту  жүріп жатыр. Осы жұмысты басқа аудандарда да бастаймыз. Кезегі келгенде, Смирновта да жаңартамыз. Оған қоса, аудан ортылықтарының екі қабатты үйлерін орталықтандырылған жылыту жүйесіне де қоспақшымыз.

Аққайын ауданында бүгін 25 медициналық мекеме бар. Биыл мұнда оқуын тәмамдаған 7 жас дәрігер келіп жұмыс істеп жатыр. Алайда Қиялы мен Тоқшын селоларындағы  дәрігерлік амбулаториялар көп жыл  жөндеу көрмеген. Бұл мәселені аудандық аурухананың бас дәрігері Мамадияр Байғұлов көтерді. Ал аудандық білім бөлімінің бас маманы  Райса Нұртазинова қазақ мектептерінің санын арттыру мәселесін ортаға салды.

РАЙСА НҰРТАЗИНОВА, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Бұл мәселе бойынша, білім басқармасының жетекшісі Гүлмира Кәрімова жауап берді.

 ГҮЛМИРА КӘРІМОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Татьяна Артемчук болса, үш бірдей селолық округтың мәселесімен келіп отыр.

АТЬЯНА АРТЕМЧУК, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Шағлы, Власовка мен Қиялы селолық округтардың тұрғындарының атынан өткен жылы Смирново мен Қиялыны қосатын 40 шақырым жолдың бірнеше участкесі жөнделген еді. Алайда, тозығы әбден жеткен бөліктері де бар. Бұл жерде көлікпен жүру өте қауіпті. жолды түгел жөндесеңіздер екен. 

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ СҚОФ ТӨРАҒАСЫ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Жолдарды біртіңдеп жөндеп келеміз. Келесі жылы аудан орталықтардағы көше жолдарына кірісеміз. Әуелі халқы көп елдімекендерде,кейін басқа да ауылдарға апаратын жолдарды қолымызға аламыз.

Бұл күні Құмар Ақсақалов ауданның 6 тұрғынын қабылдап, мәселелерін тыңдады. Кей сұрақтар бірден шешімін тапты. 

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН ҚАЛАЙ ҮНЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ?
20:40, 4 тамыз 2021
ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН ҚАЛАЙ ҮНЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ?
Толығырақ...
ҚЫСҚА 900 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ЖЕМ-АЗЫҚ ҚАЖЕТ
17:15, 4 тамыз 2021
ҚЫСҚА 900 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ЖЕМ-АЗЫҚ ҚАЖЕТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
20:37, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
17:22, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
20:37, 29 шілде 2021
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
Толығырақ...