ШҰҒЫЛ! ӘСКЕРИ БОРЫШ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ CLAAS КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

17:15, 23 маусым 2022

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов CLAAS компаниясының өкілдерімен кездесті. Жиын барысында Германиядан келген делегациямен өндірісті одан әрі дамыту жоспары сөз болды. Естеріңізге сала кетейік, Петропавлда CLAAS ауыл шаруашылығы техникасын құрастыратын зауыт жұмыс істейді. Мұнда комбайндар, тракторлар мен егіс кешендері жиналады.

CLAAS компаниясының филиалы өңірде былтыр ашылған. Шетелдік комбайндар ауылшаруашылық саласында бұрыннан танымал. Инновациялық, өнімділігі жоғары техника жергілікті диқандар үшін қолжетімді. Техника – аграгийлердің басты көмекшісі, сондықтан да шаруалар неміс комбайндарын қуана пайдаланады. Бірақ техниканы жаңартуға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кейбірі асығар емес.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Біздің міндетіміз - ауыл шаруашылығы техникасын жылына кемінде 6% жаңарту. Әзірге оны қолға алған жоқпық. Өткен жылы 4,7% болды. Облыс бойынша 2724 түрлі техниканы ауылшаруашылығы тауарын өндірушілері сатып алды. Бұл 67 млрд.теңңгені құрады.

Қазақстан жақсы механика есебінен 30 млн тоннаға дейін астық өндіре алады. Сондықтан да неміс компаниясымен ынтымақтастықты дамыту қажет деген шешімге келді  кездесуге жиналғандар.

ПИТЕР АНДЕРССОН, КОМПАНИЯНЫҢ ШЫҒЫС ЕУРОПАДА САТУ ЖӨНІНДЕГІ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТ:

 - Біз техниканы Қазақстанға жеткізу мүмкіндіктерін қарастырып жатырмыз. Біз зауыттарды аралап шықтық, техника дайын. Техникаларды ұзақ мерзімде қарастыру өте маңызды. Басқа зауыттармен 10-15 жыл жұмыс істеп келеміз. Қазақстандағы өнім көлемін арттыруға қалай көмектесе алатынымызды ойланатын боламыз.

 Қазақстан бойынша компанияның 20-ға жуық сервистік орталығы болады, олардың бірі ҚАЗІР Петропавлда бар. Кездесу барысында фермерлерді өнімділігі жоғары заманауи техникаМЕН жұмыс істеуге үйретудің маңыздылығы туралы айтылды.

 

Айгерім Құсайынова

 

Тақырып бойынша материалдар

БАЯНҒАЛИ ӘЛІМЖАНОВ КІТАПХАНАҒА СЫЙ ЖАСАДЫ
20:42, 4 шілде 2022
БАЯНҒАЛИ ӘЛІМЖАНОВ КІТАПХАНАҒА СЫЙ ЖАСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...