ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ГФР-ДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

17:18, 9 маусым 2022

Облысқа Қазақстандағы Германия Федеративтік Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Моника Иверсен келді. Мәртебелі қонақ облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен кездесті. Тараптар әріптестік жайын қозғады.

Өңірде Германияда шығарылған ауыл шаруашылығы өнімдері жоғары сұранысқа ие. Мысалы, қазір "CLAAS" компаниясының техникасы диқандардың біразында бар. Әлемдік брендке айналған зауыттың комбайндары былтырдан бастап біздің өңірде жиналып, саудаланып жатыр. Осы орайда қызықты дерекпен бөлісе кеткен жөн. Солтүстік Қазақстанға "CLAAS"-тың өнімі алғаш рет өткен ғасырда жеткізіліпті.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

- Біз өңір аумағынан "DOMINATOR" комбайнын тауып алдық. Ол облысымызға осыдан 25 жыл бұрын әкелініпті. Техника әлі жұмыс істеп тұр. Бұл - неміс өнімдерінің сапалы, берік екендігінің тағы бір дәлелі.

Былтыр Петропавлда "CLAAS"-тың 92 комбайны жиналып, қолжетімді бағамен сатылған. Биыл көрсеткішті 150-ге дейін жеткізу көзделген. Кездесу барысында облыс әкімі Құмар Ақсақалов алдағы күзде компания басшылығының өңірге келгісі келетінін мәлім етті.

Өңір басшысы бірқатар өзекті мәселеге тоқталды. Қазір өңірдегі сүт өндірісінде Германияда жасалған қондырғылар қолданылады. Заман игіліктерін жергілікті шаруалар шетелден делдалдар арқылы сатып алып отыр. Тиісінше, қалтадан артық ақша шығарып жатыр.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

- Біз жыл сайын тауарлы-сүт фермаларын салып жатырмыз. Оларды делдалдарсыз қажетті қондырғымен жабдықтағымыз келеді. Германиядағы компаниялар бізге келіп, облысымызда өз ұйымдарын ашса деген тілегіміз бар. Осыны іскер жандарға жеткізуді сұраймын.

Өз кезегінде Моника Иверсен бүгінгі күні азық-түлік қауіпсіздігі ерекше маңызға ие екендігін айтып өтті. Бұл бағытта бірлескен жобаларды қолға алу қос тарапқа да тиімді.

МОНИКА ИВЕРСЕН, Қазақстандағы Германия Федеративтік Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі:

- Нұр-Сұлтан қаласында бизнес өкілдерінің кездесуі өтті. Сол жиында "CLAAS"-пен әріптестік орнатқан компанияларды Қазақстанға әкелу мәселесі көтерілді. Мен сіздің бұйымтайыңызды міндетті түрде жеткіземін. Келесі жолы германиялық кәсіпкермен келемін деп ойлаймын.

Германиялық тарап жалғыз агроөнеркәсіптік кешенде ғана емес, денсаулық сақтау, білім берім салаларында да бірлескен жобаларды қолға алғысы келеді. Бізге бұл бағыттар да маңызды.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

- Біздің университетті америкалық Аризона университеті сенімді басқаруға алып отыр. Осы тәжірибе бойынша жұмыс істеуге болады. Өңірдегі колледждердің біріне немістік білім беру бағдарламасын енгізсек, әртүрлі салаға білікті маман дайындар едік. Бұған да мән беруді сұраймын.

Кездесу соңында қос тарап бір-бірімен естелік сыйлық алмасты. Облыс әкімі елші ханымға атақты солтүстікқазақстандық археолог, неміс ұлтының өкілі Виктор Зайберт ашқан Ботай қонысы жайлы кітапты тарту етті.

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар