ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА 3-ШІ ЗАМАНАУИ АНГИОГРАФ АППАРАТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ

17:15, 27 қараша 2020

Петропавлдағы жоғары медициналық колледж студенттеріне жатақхана қажет. Биыл Қызылжар ауданындағы Кривозерка елді-мекенін облыс орталығымен жалғайтын жол соңына дейін жөнделмеді. Осы және өзге де мәселелермен өңір тұрғындары облыс әкімі Құмар Ақсақаловқа онлайн форматта өткен қоғамдық қабылдауда хабарласты. Тақырыпты әріптесім Аманжол Нұртазин тарқатады.

Пандемия қызмет көрсету саласында еңбек етіп жүргендерді тығырыққа тіреді. Бірі  жұмыс форматын ауыстырып, заман ағымына ілессе, енді бірі әліптің артын бағып отыр. Олардың дені той бизнесінен табыс тауып жүрген мейрамхана иелері. Облыста осындай мейрамханалардың саны - 75. Өңір рестораторлары Құмар Ақсақаловпен байланысқа шығып, қарызға белшеден батқан оларға коммуналдық төлемдерді кешіру жөнінде мәселе көтерді. Ал Владимир Баранов 7 жыл бұрын ауыр халде жатқан науқастар үшін медициналық қызметкерді шақырту қондырғысын жасап шығарған.  

ВЛАДИМИР БАРАНОВ, КӘСІПКЕР:

Өнертабысымды Петропавлдағы ауруханаларда сынап көрдім. Құралды науқастар жатқан палаталарға орнаттық. Ол тиімділігін көрсетті. Облыста енді осындай қондырғы шығаратын кәсіпорын ашқым келеді.

Айта кеткен жөн, бүгінде осындай қондырғылардың  1200 данасы облыс ауруханаларында орнатылған. Алдағы жылы тағы 1500-і емдеу мекемелеріне қойылады. Алайда, бұл қондырғы жергілікті тауар өндірушінікі емес.   

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Сіздің кәсібіңіз құптарлық іс. Мұндай өндірісті ашу үшін ең алдымен денсаулық сақтау басқармасымен ақылдасып көріңіз. Егер жоба тиімді болса, міндетті түрді осындай кәсіпорын ашамыз.

Петр Иваничкин облыс әкіміне Кривозеркамен қаланы жалғайтын 4 жарым шақырымдық жолдың 300 метрі жөнделмегені туралы шағымданды. Өңір тұрғынының айтуынша, Қызылжар ауданы басшылығы қалған учаске Петропавл аумағына кіретінін сылтауратып, құрылыс жұмыстарын аяқтамаған.

ПЕТР ИВАНИЧКИН, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Не себептен биыл жолды жөндегенде аяғына дейін жеткізбеді? Ол енді қашан жөнделеді. Ауыр жүк көліктер жүрген соң, жол қайта өз ескі қалпына келеді ғой. Осы мәселені шешуге көмектессеңіз.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Петропавл және Қызылжар ауданы әкімдіктері бірлесе жолдың мәселесін шешуге тиіс. Әр әкім өз учаскесін ретке келтірулері қажет. Тиісті қаражатты жоспарлап, барлық жұмысты уақытылы жасауларың шарт. Енді келер жылы жолдың 300 метрін Қызылжар ауданының қарамағына беруді қарастырыңыз. Жұмыс соңына дейін жүргізлуі керек. СОндай-ақ, ауыр жүк көліктердің жүруін тоқтату қажет. Арнайы жол белгілерін қойып, ережені бұзғандарды жауапқа тартыңыз.

Сондай-ақ, Петропавлдағы жоғары медициналық колледждің директоры да өз мәселесімен облыс әкіміне жүгінді. Білім ордасында оқитын студенттерде жатақхана жоқ. Бұл сұрақты өңір басшысы назарға алып, шешу жолдарын қарастыратынын айтты.

Аманжол НҰРТАЗИН

Тақырып бойынша материалдар

ПРАВОСЛАВТЫҚТАР «КРЕЩЕНИЕ ГОСПОДНЕ» МЕЙРАМЫН АТАП ӨТТІ
13:05, 19 қаңтар 2021
ПРАВОСЛАВТЫҚТАР «КРЕЩЕНИЕ ГОСПОДНЕ» МЕЙРАМЫН АТАП ӨТТІ
Толығырақ...
18 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙГЕ КОНКУРС БАСТАЛДЫ
13:03, 19 қаңтар 2021
18 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙГЕ КОНКУРС БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
КРЕЩЕНИЕ» МЕЙРАМЫНДА САНИТАРЛЫҚ ТАЛАП ҚАТАҢ САҚТАЛАДЫ
20:44, 18 қаңтар 2021
КРЕЩЕНИЕ» МЕЙРАМЫНДА САНИТАРЛЫҚ ТАЛАП ҚАТАҢ САҚТАЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕКТЕПТЕРДЕ АСХАНАНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
17:17, 14 қаңтар 2021
МЕКТЕПТЕРДЕ АСХАНАНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
Толығырақ...
АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛДАР ЖАБЫЛДЫ
17:19, 12 қаңтар 2021
АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛДАР ЖАБЫЛДЫ
Толығырақ...
БИЗНЕСКЕ ЗАҢСЫЗ АРАЛАСҚАНДАР  8  ЖЫЛҒА ДЕЙІН СОТТАЛАДЫ
17:15, 14 қаңтар 2021
БИЗНЕСКЕ ЗАҢСЫЗ АРАЛАСҚАНДАР 8 ЖЫЛҒА ДЕЙІН СОТТАЛАДЫ
Толығырақ...