ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ «МАҒЖАН. ЖАРАЛЫ ЖОЛБАРЫС» ТАРИХИ ТЕЛЕХИКАЯСЫНЫҢ ТҮСІРІЛІМ АЛАҢЫНДА БОЛДЫ

20:35, 20 маусым 2022

«Мағжан. Жаралы жолбарыс». Осындай атаумен өңірде тарихи телехикая түсіріліп жатыр. Қазақ әдебиетінің классигі, ақиық ақын Мағжан Жұмабаев жайында сыр шертетін туынды 4 сериядан тұрады. «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының арнайы тапсырысымен қолға алынған фильмнің актерлерімен бүгін облыс әкімі Құмар Ақсақалов кездесті. Тілшіміз тарқатады.  

Туынды осы күзде көрерменге жол тартады. Сондықтан  түсірілім алаңында жұмыс қызған. Актерлермен тілдесіп, сәттілік тілеуге келген  облыс әкімі Құмар Ақсақалов та көп уақыт алмай, ұжымға қажет кезде көмек көрсетуге әзір екендігін жеткізді. Өйткені, Мағжан атамыз туралы фильмнің шығуы ең алдымен жерлестері үшін маңызды. 

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Қандай көмек керек соны сұрауға арнайы келіп отырмын. Әрине, Мағжан туралы әлі талай кітап, фильмдер шығуы тиіс. Жастарға жеткізу керек. Насихаттау қажет. Қазақ елінің құрылуына өз өмірін қиды. Сондықтан көбірек айтылса, көрсетілсе жақсы болар еді.

Телехикаяның өңірімізде түсірілуі бекер емес. Ең алдымен аққайыңдар өлкесі Мағжанның туған жері. Ал екіншіден, теріскейде  көне ғимараттар көптеп сақталған дейді фильмде көпес Бичуриннің рөлін сомдайтын елімізге белгілі актер - Азамат Сатыбалды.

 АЗАМАТ САТЫБАЛДЫ, АКТЕР:

- Мағжан бабамыз туралы фильм болғандықтан арнайы осында келдік. Бұл жердің адамдары, сол жердің ғимарттары фильмде шынайы көрінетін шығар деп ұйығардық. Және қолдаған жергілікті тұрғындарға алғысымызды айтамын.

Өңір жетекшісімен кездескен актерлер қаладағы тарихи орындарды барынша сақтап қалуды өтініш етті. Яғни, бұл келешекте кино индустриясын дамытуға зор мүмкіндік бермек.  

 

Мағжан Ахмадина

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар