ШҰҒЫЛ! ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ

20:37, 22 қазан 2020

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңір тұрғындарын сақтық шараларын қатаң ұстауға шақырды.   Аймақ басшысы әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирге шығып, қазіргі коронавирустық жағдайды айтып берді.

Солтүстік Қазақстанда коронавирусты 4326 адам жұқтырған. Көктемде енгізілген қатаң карантиндік шаралар мен дәрігерлердің кәсіби біліктілігі, олардың ерлігінің арқасында жағдай біраз жақсарған. Бүкіл әлем бойынша вирус жұқтырған адамдардың саны күн сайын өсіп барады. Біздің облыста науқастар көбейген 10 елді-мекенде карантин күшейтілді.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Екінші толқынға жан-жақты дайындалдық. Ауруханаларда дәрілердің 2 айлық қоры бар. Дәріханалар препараттармен 1 айға қамтамасыз етілді.  Барлығы 3400 төсек орын дайын тұр.Өкпені жасанды желдету аппараттарының саны 3 есеге өсті, 73-тен 232-ге дейін. Оттегі концентраторының саны 56-дан 362-дейін ұлғайды немесе 6 есеге көп.

Облыста жаңа инфекциялық аурухана салынып жатыр.  Бесінші ПТР зертханасы іске қосылады.  Бюджет есебінен 5 оттегі станциясы ашылады.  Дерт өте қауіпті, оны емдегенен оны алдын алған дұрыс деді облыс әкімі.  Жазда карантин жеңілдетілгеннен кейін, тұрғындар қауіпсіздік шараларына салғырт қарай бастады. Тіпті жақын-туысқандарын, дос-жарандарын жинап, тығылып той жасайтындар да бар.       

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Сақтық шараларын қолдану керек. Бәрі оп-оңай. Маска тағып, қолдарыңызды жуып жүріңіз. Қашықтықты сақтаңыз. Көп адам жиналған жерге бармаңыз. Той жасап, көп адамды шақыруға тыйым салынған. Ағайынның өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.

Өңір басшысы әр азаматты жауапкершілік танытып, тәртіпке бағынуға, шектеу шараларына түсіністікпен қарауға  шақырды.

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ 93 % ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА БЕРІЛЕДІ
20:40, 24 қараша 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ 93 % ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
17:21, 24 қараша 2020
ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...