ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ТАЙЫНША АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

20:35, 30 маусым 2022

Бақша дақылдарын өсіруді мықтап қолға алу қажет. Бұл тапсырманы Тайынша ауданында болған облыс әкімі Құмар Ақсақалов кәсіпкерлерге жүктеді. Өңір жетекшісі сондай-ақ жол құрылысын көріп, Чкалов ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Тілшіміз Мағжан Ахмадина тарқатады.

Бүгіндері «Лавровка-Келлеровка-Тайынша-Чкалов» бағытындағы жолда жұмыс қызған. Қазір "Көкшетау жолдары" серіктестігі трассаның 8 шақырымын қайтадан қалыпқа келтіруде. Олар ескі жабындыны алып тастап, мұнда жаңадан асфальт төсеп жатыр. Оған 1,2 млрд теңге қаржы бағытталған. Шаруа 2021 жылы басталыпты. Мердігер компания тамыз айында жөндеу  жұмыстарын толық аяқтаймыз деп отыр. Өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов істің сапалы орындалуы басты назарда болуы керек деді.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Биыл 5 жылға созылған ауқымды жоба аяқталады. Бұл жол Ақжар, Уәлиханов және Тайынша аудандарының тұрғындары үшін маңызды. Қаржы уақытылы беріледі. Сондықтан енді сапаға назар аударыңыздар. Ешқандай олқылық болмауы тиіс.

 Құмар Ақсақалов "Агрофирма Эксимнан"серіктестігіне соқты. Мұнда 4,65 гектар жерге картоп, қызылша, сәбіз, пияз, орамжапырақ, қияр мен қызанақ отырғызылыпты. Бұрын бұл жерде бау-бақша дақылдары егілген екен. Бірақ соңғы жылдары жер қараусыз қалып, шөп басып кеткен. Қазір оны басқа кәсіпкер алып, жаңғыртуда.

БАУЫРЖАН ТАСМАҒАНБЕТОВ, «АГРОФИРМА ЭКСИМНАН» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

-  Аумағы үлкен жері құнарлы. Сондықтан біздер осында бау-бақша дақылдарын отырғыза бастадық. Алынған өнім жергілікті тұрғындар мен қызметкерлерге арзанға беріледі. Біздер 5 млн теңгеге жуық қаржы құйдық. Оның  бір бөлігі тыңайтқыштар пайдалануға мен тамшылап суару әдісін қолдануға жұмсалды.

 Қазір мұнда 12 адам еңбек етеді. Олар бау-бақша дақылдарының арамшөптерін жұлып, тазалықты сақтауға көмектеседі.. Өңір жетекшісі мұндай бақшалардың санын көбейту қажеттігін атап өтті.

 ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ,СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Осындай шаруашылықтар көбеюуі тиіс. Бұл ауыл адамдарын жұмыспен қамтуға септеседі. Әрі тұрғындар арзан  өніммен қамтылады. Тағы осы дақылдарды сақтайтын қойма салсаңыздар жақсы болар еді. Онда өңір халқын жыл бойы өзімізде өсірілген көкөністермен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.

 Кейін облыс әкімі Чкалов ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Ең алдымен Құмар Ақсақалов өңірімізде жасалып жатқан істерді айтып берді. Содан соң, тайыншалықтар аймақ басшысына өз базыналарын жеткізді. Солардың бірі- Чкалов ауылындағы мәдениет үйінің болашағына қатысты.   Бір кездері жекенің қолына өтіп кеткен нысанның бүгіндері есік-терезесі сынып, сұрқы қашқан.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Өкінішке орай бізде мұндай нысандар көп. Алдағы уақтта  оны кәсіпкер сатып алып, қалыпқа келтіруге дайын. Тек ең алдымен құжаттарын ретке келтіру қажет. Сосын біздер қаржы бөліп, жөндеу жұмыстарын жүргіземіз.

 Петровка ауылының тұрғындары жергілікті мектепті қалыпына келтіру қажеттігін айтты. Бүгіндері 252 бала білім алатын оқу ордасы 40 жыл күрделі жөндеу көрмеген. облыс әкімі келер жылдың жұмыс жоспарына білім ордасын қосатындығын жеткізді. Ал чкаловтықтар дәрігерлік амбулаторияға аурухана мәртебесін қайтаруды сұрайды. Бұл оларға стационарда жатып ем қабылдау мүмкіндік бермек.

 ҚҰМАР КҮСЕМІСОВ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

- Адам саны аз болғындықтан біздер норматив бойынша БҰЛ емдеу мекемесін дәрігерлік амбулатория етіп өзгерттік. Қазір мұнда 5 дәрігер еңбек етеді. Күндізгі стационар да сақталған.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Мен мұнда аудандық аурухананың бөлімшесі болғандығына қарсы емеспін. Өйткені, қалаға не аудан орталығына қатынау қиын. Жол алыс. Сондықтан бір шешімін табамыз деген ойдамын.

Жиын соңында облыс әкімі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге халыққа барынша қолдау көрсетіп, туған жердің дамуына ат салысу қажеттігін тағы да бір ескертті.

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар