ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ ОНЛАЙН-ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

17:15, 23 сәуір 2021

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов кезекті онлайн-қоғамдық қабылдау өткізді. Аймақ басшысына өңірдің 3 тұрғыны өз сауалдарымен жүгінді. Бірі баспана мәселесі жайлы айтса, енді бірі билік тарапынан қаржылай қолдау сұрады. Яғни, кәсіп ашу үшін мемлекеттік грант алғысы келеді екен. Толығырақ келесі бейнематериалда.

Қайтарымсыз грант, жарық мәселесі және ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру. Осындай үш сұрақпен облыс әкімі Құмар Ақсақаловқа Петропавл қаласының тұрғыны жүгінді. Әрқайсысына жеке тоқталайық. Қаракөз Сәдуақасова жеке кәсіп ашсам ба дейді. Ол үшін биліктен қаржылай қолдау көрсетуін сұрайды.

ҚАРАКӨЗ СӘДУАҚАСОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

- Қаржылай қиындықтан шығу үшін кәсіп бастағым келеді. Соған бірнеше жоба әзірледім. Маған қайтарымсыз грант пен шамалы несие берулеріңізді өтінемін. Ісім алға басып жатса тұрғындар үшін пайдалы жоба болғалы тұр.

Қаракөз ханым грантқа ие болуы үшін алдымен «Еңбек» бағдарламасы аясында білім алып, әзірлеген жобасын қорғауы қажет. Сол кезде ғана ол мемлекеттік қолдауға ие бола алады. Сондай-ақ, қала тұрғыны биліктен электр энергиясы мәселесін шешіп беруді сұрайды. Нәзікжандының бұл сұрағына «Севказэнергосбыт» серіктестігінің бас директоры Мағауия Сағандықов жауап берді.

МАҒАУИЯ САҒАНДЫҚОВ, «СЕВКАЗЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Қаракөз Сәдуақасованың үйінде электр энергиясы бар. Ал оның баласы тұрып жатқан баспанада жоқ. Себебі, ол үйде соңғы рет жарыққа ақша 2012 жылы төленді. Яғни, 9 жыл бұрын. Одан бері мүлдем ақша төленбеді. Қазіргі күні қарыздары 174 мың теңгені құрап отыр.

Облыс әкімінің қоғамдық қабылдауында баспана мәселесі бойынша жүгінген жандар да болды. Мөлдір Иманбетова - 2 баланың анасы. Қала тұрғыны осыдан бірнеше жыл бұрын «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында баспана алуға өтініш білдіріпті. Бірақ, Жас өркен ықшам ауданынан берілетін көпқабатты үй «Шаңырақ» бағдарламасы арқылы үлестірілген екен. Осылайша нәзікжанды үй ала алмай қалдым дейді. Құмар Ақсақалов аталған мәселені қала әкімі Болат Жұмабековке өз бақылауына алуды тапсырды.

Тақырып бойынша материалдар

БЕРДВОТЧЕРЛЕР ДАЛА ҚАЗДАРЫН БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ
17:19, 17 мамыр 2021
БЕРДВОТЧЕРЛЕР ДАЛА ҚАЗДАРЫН БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ
Толығырақ...
«ӘСКЕРИ БАСПАНА – 2021» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
13:02, 17 мамыр 2021
«ӘСКЕРИ БАСПАНА – 2021» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
17:20, 13 мамыр 2021
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
Толығырақ...
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...