ШҰҒЫЛ! ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

ОБЛЫСТА 14 БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ АТТЕСТАТТАУДАН ӨТПЕДІ

13:05, 13 мамыр 2022

2022 жылдың 1 тоқсанында 16 білім беру ұйымында мемлекеттік аттестаттау жүргізілді. Оның ішінде 5 мектепке дейінгі ұйым, 11 орта білім беру ұйымы. 5 мектепке дейінгі ұйымның 4-уі аттестатциядан өтпеген. 11 орта білім беру ұйымының 10-ы аттестатталмаған. Кейін  4 білім беру ұйымына «аттестатталды» деген шешіммен қайталама қорытынды шығарылды.

Білім мекемелерінде мемлекеттік стандарт сақталмаған, соның ішінде: оқу кестесінің жұмыс және үлгілік оқу жоспарларына сәйкес келмеуі; бекітілген өтпелі тақырыптарды есепке алмай, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын педагогтардың ұзақ мерзімді жоспарын құруы; мектепке дейінгі ұйымдардағы апталық оқу жүктемесінің көлемінің мемлекеттік білім беру стандарты талаптарына сәйкес келмеуі; оқушылардың дамуын бақылауда жіберілген заң бұзушылықтар; оқу сабақтарының кестесіндегі, оның ішінде Kundelik электронды журналындағы пәндердің атаулары мен типтік оқу жоспарындағы олардың атауларының сәйкес келмеуі бар.

КҮЛЗАҒИРА НҰРТАЕВА, БІЛІМ САПАСЫН СЫРТТАЙ БАҒАЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

- «Аталған біліктілік талаптарының бұзушылықтарының қатарында edu.kz аймағында үшінші деңгейлі домендік атауды тіркеудің болмауы, бейнебақылау жүйелерінің бейнетүсірілімдерді жедел басқару орталығына немесе аумақтық полиция органдарының кезекші бөлімшелеріне жіберу мүмкіндігінің болмауы, және бастауыш сыныптарда жеке пайдалануға арналған жабдықталған шкафтардың болмауы. Мұндай бұзушылықтар анықталған жағдайда, оларды жою білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның қатысуынсыз мүмкін емес өйткені бюджеттен қаражат бөлуге байланысты.»

 2022 жылы 86 оқу орнында мемлекеттік аттестаттау өткізу жоспарланған. Соның ішінде: 10 мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымы, 66 бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымы, 10 техникалық және кәсіптік білім беруколледжі.

Тақырып бойынша материалдар

АЗАМАТТЫҚ БАҚЫЛАУ – ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ
20:35, 19 мамыр 2022
АЗАМАТТЫҚ БАҚЫЛАУ – ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
13:03, 17 мамыр 2022
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ
20:34, 16 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ
Толығырақ...