ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ОБЛЫСТА 340 ЗАҢСЫЗ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫ БАР

17:24, 22 шілде 2021

Өңірде 340 заңсыз қоқыс полигоны бар. Жалпы аумағы мың гектардан асады. Соның бірі – Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылының маңында орналасқан.

Бұл Бәйтерек ауылының маңындағы заңсыз полигон. Рейдке шыққан полицейлер мен экологтар тәртіп бұзушыларға ескеру жасаумен шектелді. Жағдай қайталанса айыппұл салынады. Белгіленген жер болмағандықтан маңайдағы 10 елді мекен тұрғындары тұрмыстық қалдықтарды осында тасуға мәжбүр. Шашылған қоқыс – 4 жылда 7 гектар аумаққа жеткен.

ЖАҚСЫЛЫҚ САДУЕВ, ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Сот бойынша шешім шықты, мында қоқыс төгуге болмайды. Екіншіден әкімдік бұл қоқысты шығару керек. Күйеді жанады, өзіңіз көріп тұрсыз, қасындағы жерге қалдықтар ұшады.

Петропавлдағы Жұмысшы кентінде де осындай жағдай. Жағымсыз иіс қолқаны қабады. Тұрғындар үлкейіп келе жатқан жыраны толтыру үшін жыл сайын қоқыс тастаудан басқа амал жоғын айтады. Әрі, ауданда контейнерлер де орнатылмаған.

ҚАЙЫРКЕН ДУЛАТОВА, ТҰРҒЫН:
- Малдың қиын әдейі саламыз. Чтобы, какой-то...Даже балшық әкеліп салады кейде.
- Қоқыс қайдан келіп жатыр?
- Қоқыс енді, айтпаймын, біреу әкеліп салады деп. Өзіміз де тастаймыз. Бұрын менің ыңғай күйдіретінмін де. Әкеліп, камаздармен төгіп кетеді. Біз оларға ұрыспаймыз. Городтан да әкеп камазбен түсіріп жатады.

Былтыр өңірде қоқыс төгудің рұқсат етілмеген 583 орны анықталды, тағы 61-інде қоқыс алаңдары белгілі аумақтан шығып кеткен. Атқарылған жұмыс нәтижесінде олардың 87% жойылды.

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН ҚАЛАЙ ҮНЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ?
20:40, 4 тамыз 2021
ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН ҚАЛАЙ ҮНЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ?
Толығырақ...
ҚЫСҚА 900 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ЖЕМ-АЗЫҚ ҚАЖЕТ
17:15, 4 тамыз 2021
ҚЫСҚА 900 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ЖЕМ-АЗЫҚ ҚАЖЕТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
20:37, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
17:22, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
20:37, 29 шілде 2021
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
Толығырақ...