ШҰҒЫЛ! ҚАУІП СЕЙІЛМЕЙ ТҰР Толығырақ

ОБЛЫСТА 541 ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ ТІРКЕЛДІ

17:17, 14 қазан 2021

Жыл басынан өңірде  541 интернет-алаяқтық тіркелді. Оның 130 фактісі бойынша күдіктілер ҚР басқа өңірлерінде, ал 172 жағдайда басқа елдерде болған. Тұрғындардың алаяқтарға жем болуының негізгі себептері -  Интернет желісінде сауда-саттықтың дамуы, халықтың қолма-қол төлемнен бас тартуы және ақпараттық сауатсыздығы.

Өңірде интернет алаяқтықтың негізгі үш түрі тараған. Өздерін банк қызметкерлері деп таныстырып,  тұрғындардан қажетті ақпарат алып, банктік операциялар жасау, екіншісі  танымал жарнама сайттарында тауарларға тапсырыс қабылдау арқылы алдау, және тағы бірі инвестициялық жобаларға қатысу, ақша қаражаттарын жылжыту.

МАДИЯР ХАРИПОВ, СҚО ПД КРИМИНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

- Тіркелген қылмыстардың көпшілігі Интернет-сайттарда (OLX, Колеса, Instagram) тауарларды сату немесе қызмет көрсету туралы хабарландыру  орналастырумен байланысты. Әдетте, алаяқтар өз құрбандарын төмен бағамен, өнімді немесе қызметті жылдам ұсынумен тартады. Сатып алушылардан әдетте үшінші тұлғаларға рәсімделген шоттарға ішінара немесе толық алдын-ала төлем жасауды сұрайды.

Полицейлер әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіп, фейк хабарламаларды анықтауға тырысады.  Жыл басынан бері  1027 хабарлама тексерілді. 91-і бұғатталды.   Баспасөз маслихатына қатысқан полицейлер күдіктілерді ұстаудың оң мысалдарымен де бөлісті. 

 МАДИЯР  ХАРИПОВ, СҚО ПД КРИМИНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

- Алматы қаласында 32 жастағы еш жерде жұмыс істемейтін Қарағанды облысының тумасы ұсталды, ол Олх сайтында автокөліктерге қосалқы бөлшектерді төмен бағамен жеткізу туралы фейіктік хабарландыру жариялаған. Алаяқтық 40 эпизодына қатысы бар. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралуда.

- Шымкенттің 32 жастағы тұрғыны ұсталды, ол интернеттен алған құжаттар арқылы микроқаржы ұйымдарында онлайн-несие ресімдеген. Алаяқтың 51 фактісіне қатысы бары анықталды. Қылмыскер 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Полицейлер интернет алаяқтардың құрбанына айналмас үшін, тек тексерілген ресми сайттардан  тауар сатып алуды ескертеді.   Банк қызметкері клиенттерден телефон арқылы  құпия деректерді сұрамайды.  Сондай-ақ банкоматтың  түбіртектерін  тастауға болмайды.   

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРА ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ СҰРАҚТАРЫНА ЖАУАП БЕРДІ
20:44, 21 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРА ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ СҰРАҚТАРЫНА ЖАУАП БЕ...
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ТӨБЕСІ ОПЫРЫЛЫП ТҮСТІ
20:46, 20 қазан 2021
ПЕТРОПАВЛДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ТӨБЕСІ ОПЫРЫЛЫП ТҮСТІ
Толығырақ...
ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН ЖАҢҒЫРТУҒА 1,7 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛДЫ
20:42, 20 қазан 2021
ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН ЖАҢҒЫРТУҒА 1,7 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК
13:03, 15 қазан 2021
Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК
Толығырақ...