ШҰҒЫЛ! СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ Толығырақ

ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

20:37, 30 шілде 2021

Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы аясында биыл облыста жұмыс орындарын құруға және елді мекендердің инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 7 жобаны іске асыру көзделген. Осыған байланысты мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған мониторингтік топ су тарату құбырының құрылыс барысымен танысу үшін Мамлют ауданының Белое ауылына барды.

Жаңа жұмыс орындарын құруға және елді мекендердің инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 7 жобаны іске асыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттен 4 млрд теңге бөлінеді. Аталған қаражат Петропавлда емхана мен олимпиадалық резервтегі колледждің жатақханасын салуға және арнайы экономикалық аймақтың инфрақұрылымын дамытуға жұмсалмақ. Одан бөлек Мамлют, М.Жұмабаев, Ғ.Мүсірепов аудандарында су тарату желілерін салу көзделген. Атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын тексеру мақсатында арнайы құрылған мониторингтік топ Мамлют ауданына қарасты Белое ауылына барды.

РИНАТ ЕЛЖАСОВ, СҚО ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

  • Жұмыс барысымен таныстық. Шаруаға жауапты мекмелермен тілдестік. Жұмыстың сапасы талапқа сай келеді. Бұл жұмыстар жалғасады.

Белое ауылындағы ұзындығы 26 шақырымды құрайтын су тарату желілерін салуға 13 адам жұмылдырылған. Бұл шаруа шілденің 17-сі басталған, жыл соңына дейін аяқтау көзделген. Ауылда сыйымдылығы 220 текше метрлік екі су резервуарлары орнатылмақ. Бұл халқының саны 600-ге жуықтайтын тұрғылықты мекенді сумен толықтай қамтуға жетеді дейді мердігер компания өкілдері. Жоба құны 650 млн теңге.

СӘБИТ МЫРЗАБЕКОВМЕРДІГЕР КОМПАНИЯ ӨКІЛІ:

  • Жұмыстар жоспарға сай жүргізіліп, барлық қажетті материалдар уақытылы жеткізілді. Әзірге жалпы жұмыстың 30 проценті атқарылды. Межелі мерзімде аяқтаймыз деген ойдамыз.

Бүгінде жоғарыда аталған жобалардың 5-і жүзеге асырылып жатыр. Тиісінше 50-ге жуық жұмыс орыны құрылған.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

СУ ҚҰБЫРЛАРЫ, КӘРІЗ ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР
17:18, 24 қыркүйек 2021
СУ ҚҰБЫРЛАРЫ, КӘРІЗ ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
СОТТАЛҒАНДАР ЖАҢА МАМАНДЫҚТЫ МЕҢГЕРІП ЖАТЫР
20:46, 23 қыркүйек 2021
СОТТАЛҒАНДАР ЖАҢА МАМАНДЫҚТЫ МЕҢГЕРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
17:25, 20 қыркүйек 2021
ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМ...
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
13:05, 23 қыркүйек 2021
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
Толығырақ...