ШҰҒЫЛ! КВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ҚОЙҒЫЗА АЛАДЫ Толығырақ

ҮШ ЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

17:18, 20 қаңтар 2021

Өңірде  алимент төлемеушілер саны жыл санап артып келеді.Жалпы облыста  алимент өндіру бойынша  жеке сот орындаушылар қарауында 6000-нан астам іс бар. Алайда, олардың 300-ге жуығы өз борышын мүлдем орындамайтын азаматтар. Осы мәселені алдағы уақытта бірлесіп шешу мақсатында әділет департаменті мен аумақтық жеке сот орындаушылар палатасы және медиатор мамандар өзара меморандумға қол қойды. Келісім нәтижесі қандай болмақ? Арна тілшілері тарқатсын.

Облыста алимент өндіру ісінің саны жыл санап артып келеді.Мәселен, 2019 жылы тек 4819 адам тиісті қаражатты өндіруге өтінім берсе, 2020 жылы олардың саны 5767ге жетіпті. Ал биылғы жылы олардың қатары тағы да ұлғайған. Мамандардың сөзінше, өңірде   жауапкершіліктен қашып жүрген, өз борышын өтегісі келмейтіндер көп екен.

АСАН МАТКАРИМОВ, ӨҢІРЛІК ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫ ПАЛАТАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Бізде бүгінгі таңда 300ге жуық проблемалық алимент төлемей жүрген борышкерлер бар. Олар бойынша біздің тарапымыздан, яғни сот орындаушылардың тарапынан барлық іс-шаралар қолданылуда. Бүкіл мүліктеріне тиым салынады, және Қазақстаннан шығып кетпесі үшін тыйым салынады. Және борышкердің тұрғылықты жерін таппаған жағдайда олар бойынша іздестіру шаралары қолданылады.  

Жалпы облыс бойынша өз борышын өтемей жүрген 6097 азамат бар. Олардың 4235і алиментті уақытылы төлейді. Ал 270сі өз борышынан қашатындар болса, қалғандары медиаторлардың көмегімен өзара татуласып, жеке сот орындаушыларға жүгінуден де бас тартатын көрінеді.

ЖҰЛДЫЗ БАЙМАШЕВА,  СҚО ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Медиация дегеніміз өз еркімен келісімге келу. Медиаторлардың көмегімен борышкерлер және сот орындаушылар бірге отырып, өз ара сөйлесіп, бір нәтижеге келеді. Өтінім берушілер өз ара татуласқаннан соң, жеке сот орындаушылар бұл істі әрі қарай жалғастырмайды. Егер екі тараптың біреу өз уәдесінде тұрмаса, қайтадан 3 күннің ішінде істі қайтадан жандандыруға болады.

Мамандардың сөзінше,облыста медиаторларға сұраныс артып келеді. Алайда маман тапшылығы да байқалып жатады дейді олар. Мәселен, былтыр 15 отбасы медиациялық келісім арқылы өзара татуласып, сот ісін тоқтатқан.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖАНАРМАЙ ҚҰЮ БЕКЕТІНДЕ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ
17:22, 1 наурыз 2021
ЖАНАРМАЙ ҚҰЮ БЕКЕТІНДЕ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ҚОЙҒЫЗА АЛАДЫ
20:42, 26 ақпан 2021
КВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ҚОЙҒЫЗА АЛАДЫ
Толығырақ...
ЖАТАҚХАНА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ БІРАЗЫ СЕНБІДЕ ПӘТЕРЛЕРІНЕ ОРАЛАДЫ
20:40, 25 ақпан 2021
ЖАТАҚХАНА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ БІРАЗЫ СЕНБІДЕ ПӘТЕРЛЕРІНЕ ОРАЛАДЫ
Толығырақ...