ШҰҒЫЛ! СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ Толығырақ

ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ

20:37, 29 шілде 2021

Уалиханов ауданы Мортық ауылының тұрғындары төрт түліктеріне алаңдаулы. Осыдан бірнеше күн бұрын елді мекенде тұрғындарының малдары қырыла бастаған.

Облыстық ветеринария басқармасы мамандарының сөзінше тұрғындардың малдары ауылдан 5-6 шақырымдағы жайылымда болған. Алдымен қара мал ауырып, артынан бірінен соң бірі өле бастаған. Ресми мәліметке сүйенсек бүгінде арам қатқан мал саны – 7.

ҚАЙЫРЛЫ ҚАЗАНОВ, СҚО ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- 21 шілде күні басқармаға Уалиханов ауданы Мортық ауылының маңындағы жайылымда мал қырылып жатқаны жайлы хабар келіп түсті. Бірден біздің мамандар оқиға орынына жетіп, тексеріс жүргізді. Өлген малдардың барлығы бұзаулар. Өкінішке қарай зертханалық сараптама жүргізе алмадық. Өйткені өлекселер ісіп, бұзулудың аз-ақ алдында тұр екен. Сынаманы негізінде мал өлгеннен кейін 2-3 сағаттың көлемінде алу керек. Әйтпесе кеш болады. Болжам бойынша бұзаулар шөптен уланған немесе пастереллез ауруына шалдыққан болуы мүмкін.

Пастреллез ауруы вакцинацияланбаған малдарда дамиды. Қандағы бактериялар ағзаға таралыда да, әртүрлі органдарда ісік, қабыну тудырады. Малдарға вакцина 3 жастан бастап егіледі. Ветеринария басқармасы мамандарының айтуынша қырылған бұзаулар көктемгі екпе егу науқанына ілікпегендер. Жалпы, жыл басынан 135 мыңға жуық ірі қараға екпе салынған. Жыл соңына дейін тағы 96 мыңы егілуі тиіс.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

СУ ҚҰБЫРЛАРЫ, КӘРІЗ ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР
17:18, 24 қыркүйек 2021
СУ ҚҰБЫРЛАРЫ, КӘРІЗ ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
СОТТАЛҒАНДАР ЖАҢА МАМАНДЫҚТЫ МЕҢГЕРІП ЖАТЫР
20:46, 23 қыркүйек 2021
СОТТАЛҒАНДАР ЖАҢА МАМАНДЫҚТЫ МЕҢГЕРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
17:25, 20 қыркүйек 2021
ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМ...
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
13:05, 23 қыркүйек 2021
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
Толығырақ...