ШҰҒЫЛ! НЕЛЛИ ИВАНОВА 80 ЖАСТА Толығырақ

ОБЛЫСТА БЕНЗИН БАҒАСЫ ТАҒЫ ДА ӨСТІ

20:37, 7 сәуір 2021

Солтүстік Қазақстан облысында бензин бағасы тағы да күрт қымбаттады. Ең өтімді әрі арзан АИ-92 маркалы сұйық отынның 1 литрі 178, ал АИ-95 маркалы бензин бағасы 190 теңгеге дейін шарықтап кеткен.

Жауапты мамандардың айтуынша, облыста сұйық отынның тапшылығы байқалмайды. Олар бағаның бұлай күрт өсіп кетуіне елдегі мұнай өңдеу зауыттарының өнім құнын көтеруі себеп болғанын айтып отыр. Айта кетейін, соңғы бір айдың ішінде АИ-92 маркалы бензиннің 1 литрі орта есеппен 20 теңгеге дейін шарықтады.

ЛӘЗЗАТ ҒАЛЕЕВА, СҚО КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

«Сондай-ақ, бағаның өсуіне Атырау мұнай өңдеу зауытының жоспарлы жөндеу жұмыстарына жабылуы да себеп болып отыр.Зауыттарда сұйық отынның тапшылығы пайда бола бастады. Сондықтан олар бензин бағасын қымбаттатып жіберді. Бүгінгі күні бензиннің орташа құны-174 теңге.

Нұрбол Балғабеков

 

 

Тақырып бойынша материалдар

АЛҒАШҚЫ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ 400 ҰЙЫМ ҚАТЫСТЫ
13:01, 19 сәуір 2021
АЛҒАШҚЫ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ 400 ҰЙЫМ ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...
ҚҰТЫРМА  АУРУЫ  ӨҢІРДІҢ ТАҒЫ 4 АУДАНЫНДА ТІРКЕЛДІ
20:44, 16 сәуір 2021
ҚҰТЫРМА АУРУЫ ӨҢІРДІҢ ТАҒЫ 4 АУДАНЫНДА ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
17:20, 16 сәуір 2021
ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
Толығырақ...
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
20:44, 15 сәуір 2021
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
Толығырақ...