ШҰҒЫЛ! АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА Толығырақ

ОБЛЫСТА ӘЛІ 120 МЫҢ АДАМ ВАКЦИНА АЛУЫ КЕРЕК

17:18, 3 қараша 2021

Облыс бір айдан бері қызыл аймақта. Күнделікті коронавирус жұқтырушылардың саны азаяр емес. Эпидахуал жақсармайтын болса,  жергілікті билік жаңа шектеулер енгізбек. Осыған орай облыс әкімі ҚҰмар Ақсақалов өңір тұрғындарын вакцина алуға шақырып, үндеу жасады.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Қазір біздің өңір тұрғындарының денсаулығына қауіп төніп отыр. Күн сайын инфекцияның жүздеген жаңа жағдайлары анықталып жатыр. Науқастардың барлығы дерлік вакцина алмағаз азаматтар екенін, атап өткім келеді. Облыс бойынша 120 мың ересек тұрғын егілмеген. Кейбіреулер әлі күнге дейін вирустың барлығына күмәнмен қарайды. Өкінішке орай, мен коронавирус жайлы жақындары қайтыс болғаннан кейін ғана ойын өзгерткен адамдарды жиі кезіктіремін.

Пандемия басталғаннан бері коронавирус инфекциясынан 304 солтүстікқазақстандық қайтыс болды. Күн сайын вирус жұқтырғандардың және ауруханаларда өмір мен өлімнің арасында күресіп жатқандардың саны артып келеді. Біздің облыс бір ай бойы қызыл аймақта тұр. Бұл санитарлық талаптардың сақталмауына және вакцинация қарқынының төмендеуіне байланысты. Эпидемиологиялық тергеу инфекцияның адамдар көп шоғырланған қоғамдық орындарда, отбасы мүшелерінен және қоғамдық көліктерде жұғатынын көрсетті.  

ӘСЕТ ЖҰМАТАЕВ, СҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Жоспар бойынша жыл соңына дейін облыста 370 740 адам вирусқа қарсы вакцина алуы тиіс.  Ал, қазір, бірінші компоненті тек 251 808 адам, екпенің толық курсынан 234 636 адам өтті. Екпе алу қарқыны бойынша Қызылжар ауданы мен Уәлиханов, Тайынша, Мағжан Жұмабаев және Ғ. Мүсірепов аудандары соңғы орында келеді.

Бұдан басқа екпе алудың күнделікті жоспары орындалмай келеді. Уәлиханов ауданында 28 қазанда мүлдем  ешкім екпе алмаған. 31 қазанда дәл осындай жағдай Айыртау, Қызылжар және Мамлют аудандарында байқалған. Вакцинацияның төмен қарқыны эпидахуалға теріс әсер етеді және бұл жаңа шектеулерге әкелуі мүмкін, дейді Әсет Жұматаев. Мониторингтік топтардың да белсенділігі төмендеген.

ӘСЕТ ЖҰМАТАЕВ, СҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Қазан айында 188 рейд жүргізіліп,  1118 нысан қамтылды. 30 тұлғаға 1,5 млн теңгенің айыппұлы салынды. Ал, аудандарға келетін болсақ Тимирязев және Уәлиханов аудандарында рейдтер мүлдем жүргізілген жоқ. Ақжар ауданында 3 рейд барысында 20 нысан тексерілді. Айыртау, Есіл Мамлют және Шал ақын аудандарында рейдтер мүлдем жүргізілмеген немесе оның тиімділігін көріп отырған жоқпыз.

Мониторингтік топтардың  тиімсіз жұмысы-науқастардың көбеюіне әкеп соғады. Кей кәсіпорын басшылары вакцинацияланбаған қызметкерлеріне көзді жұма қарап, басқаларына қауіп төндіріп отыр. Облыстың көптеген тұрғындары адамдар көп жиналатын жерлерде қашықтықты сақтамайды, қоғамдық көлікте бетпердесіз жүреді. Егер Солтүстік Қазақстан облысы алдағы уақытта да қызыл аймақта қала берсе, өңірде жаңа, бұрынғыдан да қатаң шектеу шаралары қолға алынбақ.   

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Егер вирустың таралуы тоқтамаса, онда біз шектеу шараларын одан әрі қатаңдатуға мәжбүр боламыз. Жоспарлы түрде ауруханаға жатқызуды тоқтатуға тура келеді. Медициналық мекемелерді ковидтік, яғни, жұқпалы аурулар стационарына ауыстыруымыз қажет болады. Кәсіпорындар карантинге жіберіледі, сауда нысандары қайтадан өз қызметін тоқтата тұруға мәжбүр болады.

Бүгінгі таңда вакцинация коронавирустық инфекцияны тоқтатудың жалғыз жолы болып отыр.

Жанбота Естайқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

АШЫҚ ЖАТҚАН УРАН КЕНІШТЕРІ ҚОРШАЛЫП ЖАТЫР
20:46, 27 қаңтар 2022
АШЫҚ ЖАТҚАН УРАН КЕНІШТЕРІ ҚОРШАЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
МҮГЕДЕКТІКТІ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ АСҚЫНДЫРМАУ МӘСЕЛЕСІН РЕТТЕУ КЕРЕК
20:34, 27 қаңтар 2022
МҮГЕДЕКТІКТІ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ АСҚЫНДЫРМАУ МӘСЕЛЕСІН РЕТТЕУ КЕРЕК
Толығырақ...
КӘСІПКЕР ТИІСТІ ӨТЕМАҚЫСЫН АЛА АЛМАЙ ЖҮР
17:20, 27 қаңтар 2022
КӘСІПКЕР ТИІСТІ ӨТЕМАҚЫСЫН АЛА АЛМАЙ ЖҮР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...